ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 59-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-60 Бұйрықпен бекітілген |
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 59-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің (бұдан әрі – ҚАЖ) мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмекті ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) дәрілік сезімталдық тест (бұдан әрі – ДСТ) – туберкулез микобактериясының туберкулезге қарсы препараттарға (бұдан әрі – ТҚП) сезімталдық спектрін анықтау;
2) жағымсыз құбылыс – дәрілік препаратты қолданумен себеп-салдарлық байланысына қарамастан ол тағайындалған субъектінің денсаулығы жай-күйінің кез келген жағымсыз өзгеруі;
3) қақырық микроскопиясының оң нәтижесімен өкпе туберкулезі (бактерия бөлу) – ем жүргізілгенге дейін қақырық жағындысының микроскопиясы кезінде кем дегенде бір порцияда қышқылға көнбейтін бактерияларды анықтау;
4) молекулалық-генетикалық әдістер (бұдан әрі – МГӘ) – медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін және фтизиопульмонологиялық ұйымдар деңгейінде жүргізілетін туберкулезді және дәрілерге көнбейтін туберкулезді анықтаудың полимерлік тізбектік реакцияға негізделген жедел әдістері.
2-тарау. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
1-параграф. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың негізгі ережелері
3. ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек:
1) ҚАЖ мекемелерінің дәрігерлік амбулаторияларында – қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын, қауіпсіздігі орташа, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі орташа, қауіпсіздігі барынша жоғары, төтенше қауіпсіз, толық қауіпсіз және аралас қауіпсіз мекемелерде құрылатын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде;
2) ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсететін ҚАЖ мекемелерінің базасында орналасқан тиісті фтизиопульмонология орталығының құрылымдық бөлімшелерінде (бұдан әрі – ФОҚБ);
3) қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға ҚАЖ мекемелерінің орналасқан жері бойынша денсаулық сақтау субъектілерінде көрсетіледі.
4. ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдарды туберкулезге зерттеп-қарау:
1) ТИ және ҚАЖ мекемелеріне түскен кезде (карантинде болған алғашқы үш тәуліктің ішінде) кеуде ағзаларын флюорографиялық зерттеу арқылы;
2) жылына 2 рет өткізілетін кеуде қуысы ағзаларын флюорографиялық зерттеу арқылы профилактикалық медициналық қарап-тексерулер кезінде;
3) ауруға байланысты медициналық көмекке жүгінген кезде жүргізіледі.
5. ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын туберкулезге күдікті адамдар диагноз қойылғанға дейін изоляторға (камераға) орналастырылады.
6. ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек "Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21695 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрық) сәйкес көрсетіледі.
2-параграф. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртібі
7. ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек амбулаториялық және стационарлық жағдайларда көрсетіледі.
8. ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек дәрігерлік амбулаторияларда көрсетіледі.
9. ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға стационарлық жағдайларда медициналық көмек ФОҚБ-да көрсетіледі.
10. Тергеу изоляторында ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға стационарлық жағдайларда медициналық көмек тергеу изоляторларының дәрігерлік амбулаторияларда көрсетіледі.
11. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға стационарлық жағдайларда медициналық көмек ҚАЖ мекемелерінің орналасқан жері бойынша аумақтық фтизиопульмонология орталықтарында көрсетіледі.
12. Туберкулезбен ауыратын адамдар ФОҚБ-ға мынадай медициналық құжаттармен келіп түседі:
1) рентген- және флюоро зерттеп-қараудың архивтік деректері;
2) МГӘ, микроскопия және бактериологиялық зерттеулер деректері;
3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 052/е "Амбулаториялық пациенттің медициналық картасы" нысаны;
4) эпидемиологиялық тексеру деректері;
5) ауыстыру эпикризі.
13. ФОҚБ-да қақырық жағындылары микроскопиясының, ДСТ нәтижелеріне және мынадай бейінді бөлімшелер (палаталар) бойынша тағайындалған емдеу режиміне (эпидемиологиялық мәртебе) сәйкес науқастарды жеке серуендеу аумағымен бөлек емдеуге жатқызу қамтамасыз етіледі:
1) рифампицинге сезімталдығы сақталған бактерия бөлетін науқастарға арналған бөлімше;
2) рифампицинге сезімталдығы сақталған бактерия бөлмейтін науқастарға арналған бөлімше;
3) дәрілерге көнбейтін туберкулезен ауыратын науқастарға арналған бөлімше;
4) бактерия бөлетін, ерекше ем алмайтын созылмалы туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған бөлімше.
14. Бактерия бөлетін науқастарды емдеуге арналған ФОҚБ-ның әрбір бөлімшесі "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21080 болып тіркелген) сәйкес аймақтарға бөлінеді.
15. ФОҚБ-ның әрбір бөлімшесінде препараттарды беруге және олардың қабылдануын бақылауға арналған бөлме бөлінеді. Туберкулезбен ауыратын адамдардың ТҚП қабылдауы ҚАЖ мекемесі жасағы бастығының қатысуымен медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен жүргізіледі.
16. Емдеу басталар алдында фтизиатр дәрігер науқаспен ТҚП-ны бақылаумен қабылдау қажеттілігі, емдеудегі үзілістердің қауіптілігі, ауруды емдеудің ұзақтығы мен күрделілігі, ықтимал жағымсыз құбылыстар, айналадағылар үшін инфекциялық қауіптілік туралы әңгіме жүргізеді және № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрыққа 1-қосымшаның 3-қосымша парағына сәйкес пациенттің хабардар етілген келісімі толтырылады.
17. Жазаны өтеу кезеңінде емдеудің толық курсынан өтпеген бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқасты босатқанға дейін бір ай бұрын оған мәжбүрлеп емдеуді тағайындау үшін құжаттарды сотқа ұсынады.
18. Диспансерлік есепке алу және бақылау тобында тұратын туберкулезбен ауыратын, ФОҚБ-дан, ҚАЖ мекемелерінен босатылатын адамдардың тізімдері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
3-параграф. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібі
19. ҚАЖ мекемелерінде туберкулезбен ауыратын адамдар "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелген) сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ТҚП-мен қамтамасыз етіледі.
20. ТҚП сақтау және тасымалдау шарттары "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22230 болып тіркелген) сәйкес қамтамасыз етіледі.
21. ТҚП-ның келуі мен шығысының барлық жағдайлары ТҚП-ның келіп түскен (босатылған) күні № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген "Туберкулезге қарсы препараттарды есепке алу журналы" № ТБ-018/е нысанға енгізіледі.
22. ТҚП шығысын тіркеу дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде (ДҚАЖ) жүзеге асырылады.
Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларына қосымша |
Аумақтық фтизиопульмонология орталығының құрылымдық бөлімшесінен, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылатын, диспансерлік есепке алу тобында тұратын туберкулезбен ауыратын адамдардың тізімі (бұдан әрі – І ДЕТ) (ай сайын)
_____________________________________________________облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемесі
№№ | Т.А.Ә., туған күні | Тізімді жіберген мекеменің атауы | Диагнозы/ ДЕТ | Босау барысында | Босату күні | Мекенжайы (үй және сотталғанның көрсеткен мекенжайы); нақты үйінің мекенжайы (арнайы бөлім бойынша) | |
ТМБ + / –* | Емдеуді бастау күні, емдеу схемасы | ||||||
*ТМБ –туберкулез микобактериялары