Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 1 тамыздағы № 6-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 тамызда № 29007 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қаржы және мемлекеттік сатып алу департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2022 жылғы 1 тамыздағы
№ 6-НҚ бұйрығына
қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлігі нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 256 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10802 болып тіркелген).

      2. "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлігі нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 256 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 984 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12869 болып тіркелген).

      3. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киім-кешегінің тиесілілігі нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 256 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 3 ақпандағы № 89 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16516 болып тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 1064 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтары тізбесінің 9-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19738 болып тіркелген).

О признании утратившими силу некоторых приказов

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 1 августа 2022 года № 6-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 августа 2022 года № 29007

      В соответствии с пунктом 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Признать утратившими силу некоторые приказы по перечню согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту финансов и государственных закупок Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
Ю. Ильин

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министра по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
от 1 августа 2022 года № 6-НҚ

Перечень утративших силу некоторых приказов

      1. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 256 "Об утверждении норм положенности форменной одежды и специального обмундирования сотрудников, осуществляющих функции по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, оказанию экстренной медицинской и психологической помощи населению, сотрудников органов государственной противопожарной службы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10802).

      2. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2015 года № 984 "О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 256 "Об утверждении норм положенности форменной одежды и специального обмундирования сотрудников органов государственной противопожарной службы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12869).

      3. Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 3 февраля 2018 года № 89 "О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 256 "Об утверждении норм положенности форменной одежды и специального обмундирования сотрудников, осуществляющих функции по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, оказанию экстренной медицинской и психологической помощи населению, сотрудников органов государственной противопожарной службы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16516).

      4. Пункт 9 перечня некоторых приказов Министра внутренних дел Республики Казахстан и Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнения, утвержденного приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 декабря 2019 года № 1064 "О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан и Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19738).