Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 1064 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 желтоқсанда № 19738 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 494 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 02.07.2020 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығына және "Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін, қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2019 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1064 бұйрығымен бекітілген

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 225 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9508 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Aзаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу, олардың орнын ауыстыру, пайдалану, толықтыру қағидаларында:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Жедел резервтің материалдық құндылықтары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің шешімі негізінде сақтау, жарамдылық мерзімдерінің аяқталуына немесе тозуына қарай жаңартылады.".

      2. "Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 235 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9509 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлаудың, халықты оқытудың оқу бағдарламасында:

      1-бөлімде:

      1-бөлімшенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бөлімше. Сабақтар тақырыптарының атауы";

      2-бөлімшенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бөлімше. Оқу сағаттарының көлемі";

      2-бөлімде:

      1-бөлімшенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бөлімше. Сабақтар тақырыптарының атауы";

      2-бөлімшеде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бөлімше. Оқу сағаттарының көлемі";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың эвакуациялық органдарының қызметкерлері

25

      ";

      3-бөлімде:

      1-бөлімшенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бөлімше. Сабақтар тақырыптарының атауы";

      2-бөлімшенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бөлімше. Оқу сағаттарының көлемі".

      3. "Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 303 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9593 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Республикалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережеде:

      1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бөлім. Жалпы ережелер";

      2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бөлім. Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің негізгі міндеттері";

      3-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бөлім. Негізгі Республикалық азаматтық қорғау қызметтері және олардың міндеттері";

      11-параграфта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың сауда қызметтерінің қызметін үйлестіреді.".

      4. "Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9922 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұнында:

      74-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "республикалық маңызы бар қалалардан, астанадан және республиканың облыстық орталықтарынан телерадиоарналарын республикалық таратуды ұйымдастыру үшін "Қазақстан" РТРК" АҚ және "Хабар" агенттігі" АҚ жылжымалы телевизиялық станциялары мен мобильді репортажды телевизиялық станцияларды пайдалануды;".

      5. "Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10151 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері немесе туындауы туралы, оның ішінде қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың қолданылуы туралы ақпаратты қадағалау, ахуалды бақылау және болжау қызметтері, оның ішінде сейсмологиялық қызмет, селдік құлақтандыру, радиациялық ахуалды бақылау жүйелері және меншік нысанына қарамастан өзге де құзыретті ұйымдар қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің Дағдарыс жағдайларында басқару орталығына (бұдан әрі - ДЖБО) береді. ДЖБО осындай ақпаратты алуы халықты және мемлекеттік органдарды құлақтандыруды ұйымдастыру үшін негіз болып табылады.";

      7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат келіп түскен сәттен бастап уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің жедел кезекшісі ДЖБО, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкіміне және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің басшысына белгіленген тәртіппен аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосу үшін бұл туралы дереу хабар береді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Құлақтандыру жүйелерін пайдалану кезіндегі уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жедел кезекшілерінің әрекетін, құлақтандыру нормативтерін (уақыты, жеткізу мерзімдері), ақпараттық хабарламалардың мәтіндерін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың төтенше жағдайлар департаменттері әзірлейді және қолданысқа енгізеді.".

      6. "Қазақстан Республикасының аумағында кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларын және бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметінің өкілеттіктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 138 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10972 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағындағы кезекшілік-диспетчерлік қызметтердің қызметін үйлестіру қағидаларында:

      көрсетілген қағидаларға 4-қосымшада:

      ТЖ-1 нысанында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Оқиға болған уақыт (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты, жергілікті уақыт бойынша):

      _______сағ _______ мин. (Нұр-Сұлтан қаласының), _______сағ _______ мин. (жерг.)";

      1.2 - ЖӨ нысанында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Оқиға болған уақыт (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты, жергілікті уақыт бойынша):

      _______сағ _______ мин. (Нұр-Сұлтан қаласының), _______сағ _______ мин. (жерг.)";

      3.1-ЖА нысанында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "______ облыстары, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТЖ департаменттерінің жедел ақпараты 20__ж. "______" _______00 сағ. 00 мин. бастап 20__ ж. "______"_____ 24 сағ. 00 мин. дейін";

      1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бөлім. Тіркелген ТЖ";

      2-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бөлім. Авариялық-құтқару операцияларын жүргізу";

      мына:

      "

Облыстар, Астана, Алматы қалалары ТЖ департаменттерінің "Өрт сөндіру және авариялық -құтқару жұмыстары қызметі" ММ











      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың ТЖ департаменттерінің "Өрт сөндіру және авариялық -құтқару жұмыстары қызметі" ММ











      ";

      3-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бөлім. Күштер мен құралдардың жай-күйі туралы мәліметтер";

      мына:

      "

Облыстар, Астана, Алматы қалалары ТЖ департаменттерінің "Өрт сөндіру және авариялық -құтқару жұмыстары қызметі" ММ




      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың ТЖ департаменттерінің "Өрт сөндіру және авариялық -құтқару жұмыстары қызметі" ММ




      ";

      4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бөлім. Қазақстан Республикасы және өзге мемлекеттер аумағындағы ТЖ жоюға (оқу-жаттығуларға) құтқару топтамаларын тарту кезіндегі күштер мен құралдардың орналасқан жері (орнын ауыстыру) туралы ақпарат";

      5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бөлім. Метеорологиялық және радиациялық жағдай туралы мәліметтер";

      6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бөлім. Ғарыштық мониторинг және Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК аумақтық органдарының қабылдаған шаралары бойынша ақпарат (табиғи өрттер ошақтарын табу) 20___ ж. "___" __________";

      3.5-1-ЖА нысанында:

      мына:

      "

Астана қаласы




















      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Нұр-Сұлтан қаласы




















      ";

      мына:

      "

ОҚО




















      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Түркістан облысы




















      ";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Шымкент қаласы




















      ";

      ЖА 3.5-2- нысанында:

      мына:

      "

ҚР ІІМ ТЖК "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Астана қаласы бойынша филиалы

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

ҚР ІІМ ТЖК "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы

      ";

      мына:

      "

ҚР ІІМ ТЖК "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

ҚР ІІМ ТЖК "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Түркістан облысы бойынша филиалы

      ";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

ҚР ІІМ ТЖК "Апаттар медицинасы орталығы" ММ Шымкент қаласы бойынша филиалы

      ";

      ЖА-3.7-нысанында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Оқиға болған уақыт (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты, жергілікті уақыт бойынша):

      _______сағ _______ мин. (Нұр-Сұлтан қаласының), _______сағ _______ мин. (жерг.)";

      3.12-ЖА нысанында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаменттерінде (бұдан әрі - ТЖД) республикалық құлақтандыру жүйесі бойынша сигналдардың өтуі";

      мына:

      "

Астана қ. ТЖД








      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Нұр-Сұлтан қ. ТЖД








      ";

      мына:

      "

Оңтүстік Қазақстан обл. ТЖД








      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Түркістан обл. ТЖД








      ";

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Шымкент қ. ТЖД








      ";

      4.3-1-БД нысанында:

      мына:

      "

Шардара (ОҚО)





Бадам (ОҚО)





Бөген (ОҚО)





      "

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Шардара (Түркістан облысы)





Бадам (Түркістан облысы)





Бөген (Түркістан облысы)





      ".

      7. "Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 149 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11097 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның қызметі қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. АҚМЖ аумақтық деңгейіне: жергiлiктi атқарушы органдар, салалық кіші жүйелерде Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелері, азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың департаменттері, азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың басқармалары, аудандық және қалалық төтенше жағдайлар бөлiмдері), ұйымдардың кезекшi-диспетчерлiк қызметтерi, осы аумақтағы төтенше жағдайларды байқайтын, бақылайтын және жоятын күштер мен құралдар жатады. Олардың қызметiн үйлестiрудi шешiмдерi ұсынымдық сипатта болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi тиiстi аумақтық комиссиялар жүзеге асырады.";

      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi аумақтық комиссиялар;";

      16-тармақта:

      3) тармақшаның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "АҚМЖ, оның кіші жүйелерінің және буындарының жұмыс істеуінің осы немесе басқа режимін енгізу туралы шешімді нақты жағдайды ескере отырып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның ведомствосының басшылығы, аумақтық бөлімшелермен (облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың департаменттерімен), облыстық маңызы бар қалалардың басқармаларымен, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аудандық төтенше жағдайлар бөлімдерімен келісу бойынша АҚМЖ түрлі деңгейдегі басшы органдары қабылдайды.".

      8. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10983 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларында:

      7-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (темір жол, су көлігіндегі, автожолдардағы, әуе көлігімен болған авариялар, авиаапаттар және көлік коммуникациялары элементтерінің қирауы, қауіпті өндірістік және өнеркәсіптік объектілердегі авариялар, қауіпті өндірістік және өнеркәсіптік объектілердегі авариялар салдарынан болған жазатайым оқиғалар туралы);";

      7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (қауіпті метеорологиялық, гидрологиялық және гидрогеологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның ластануы туралы);";

      7-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (өндірістегі жазатайым оқиғалар мен авариялардан зардап шеккендер, дала өрттері, дәнді және басқа да дақылдардың егінді алқабының жануы туралы) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосына ұсынады.";

      21-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аумақтық органдарымен темір жол, су көлігіндегі, автожолдардағы, әуе кемесімен, көлік коммуникациялары элементтерінің қирауы, қауіпті өндірістік және өнеркәсіптік объектілердегі авариялар, қауіпті өндірістік және өнеркәсіптік объектілердегі авариялар салдарынан болған жазатайым оқиғалар;";

      21-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен қауіпті метеорологиялық, гидрологиялық және гидрогеологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның ластануы туралы;";

      21-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен авариялар нәтижесінде зардап шеккендер, дала өрттері, дәнді және басқа да дақылдардың егінді алқабының жануы, медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар мен жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарды есепке алу бойынша мәліметтерді салыстыра тексеруді жүргізеді.".

      9. Күші жойылды – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.08.2022 № 6-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. "Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 381 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11134 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларында:

      көрсетілген Қағидаларға қосымшада:

      реттік нөмірі 5-жолдың "Жауапты орындаушылар" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары";

      реттік нөмірі 6-жолдың "Жауапты орындаушылар" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары";

      реттік нөмірі 8-жолдың "Жауапты орындаушылар" бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары".

      11. "Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 387 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11243 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Азаматтық қорғау құралымдарын құру, ұстау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, дайындау және оларды тарту қағидаларында:

      10-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "азаматтық қорғаудың медициналық құралымдары үшін - денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары әзірлейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалардың, аудандардың тиісті жергілікті атқарушы органдары бекітеді;";

      көрсетілген қағидаларға 1-қосымшада:

      мына:

      "

Р/с

Құралымдарың атауы

Құралым ж/қ ұсынылған саны

Облыстар, Астана, Алматы қалалары

Азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатқызылған қала

Қалалық аудандар

Селолық аудандар

      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Р/с

Құралымдарың атауы

Құралым ж/қ ұсынылған саны

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана

Азаматтық қорғаныс бойынша топқа жатқызылған қала

Қалалық аудандар

Селолық аудандар

      ".

      12. "Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 445 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15422 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 тамызда жарияланған Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Өртке қарсы қызметтің жұмыс жарғысында:

      7-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "аумақтық гарнизондарда - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі - Департамет) бастығы;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Шығу кестесіне білім беру орындары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаменттерінің "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемелерінің оқу-жаттығу бөлімшелері де (бұдан әрі - өрт сөндіру мемлекеттік мекемелері) қосыла алады. Білім беру ұйымдарының жеке құрамы осы мақсат үшін оқу жоспарында көзделген уақыт шегінде гарнизон бөлімшелерінде қарауыл қызметін өткеруге тартылады. Оқу-жаттығу өрт сөндіру бөлімдері, білім беру ұйымдарының оқу-жаттығу өрт сөндіру бөлімдері гарнизондық қызмет өткереді. Оларда қарауыл қызметі ұйымдастырылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады