"Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлігі нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 256 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 984 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 қаңтарда № 12869 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 1 тамыздағы № 6-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.08.2022 № 6-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-26) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлігі нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 256 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10802 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлігі нормаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берiлiп отырған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлігі нормалары бекiтiлсiн.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киім-кешегінің тиесілілігі нормаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен арнайы киiм-кешегінің тиесiлiлігі нормалары";

      көрсетілген Нормаларға қосымшада:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 256 бұйрығымен бекітілген

      Табиғи және техногендік сипаттағы

      төтенше жағдайлардың алдын алу

      және жою, халыққа шұғыл медициналық

      және психологиялық көмек көрсету

      жөніндегі функцияларды жүзеге

      асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік

      өртке қарсы қызмет органдары

      қызметкерлерінің нысанды киімі мен

      арнайы киім-кешегінің тиесілілігі

      нормаларына қосымша";

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысанды киімі мен айырым белгілерінің суреттері және сипаттамасы";

      "Айырым белгілері" деген бөлімде:

      "Жоғары басшы құрамның жеңдік белгілері" деген кіші бөлімде:

      "Өртке қарсы қызметі" жеңдік белгілері мынадай редакцияда жазылсын:

      "



      "Төтенше жағдайлар комитеті" (бұдан әрі - "ТЖК") жеңдік белгілері

      ";

      "Аға, орта, кіші басшы және қатардағы құрамның жеңдік белгілері" деген кіші бөлімде:

      "Өртке қарсы қызметі" жеңдік белгілері мынадай редакцияда жазылсын:

      "



      "ТЖК" жеңдік белгілері

      ";

      Айырым белгілерінің сипаттамасында:

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Жеңдiк белгiлер табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлердің, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң нысанды киімдерінің бiр бөлiгі болып табылады және салтанатты, салтанатты-шығуға арналған, күнделiктi және далалық нысанды киімнің сол және оң жеңдерiнiң сыртқы жағында белгіленген орындарда орналасады.

      29. Жоғары басшы құрамға арналған "ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ" деген жеңдік белгі жеңнің қосылған жоғарғы тігісінен 12 см қашықтықта сол жақ жеңнің сыртқы жағында тігіледі және тоқыма матадан тiгiлген қалқан нысанындағы шевронды білдіредi, мөлшері 80х95 мм. Шевронның сыртқы жиегінде күрең түсті жиек келтірілген, ішкі периметрі бойынша жиегі 5 пайыздық алтын жалатылған зер жіппен тігілген, жиегінің бойымен периметрі бойынша ішкі жағынан алтын түсті лавр бұтақшалары түрінде өрнек салынған. Ортаңғы бөлігінде шеңбер орналасқан, шеңбердің сыртқы жиегі 5 пайыздық алтын жалатылған зер жіппен тігілген, шеңбердің ішкі бөлігінде ашық көгілдір түсті негізде Қазақстан Республикасының Елтаңбасы орналасқан. Шевронның жоғары бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу бар. Шеңбердің астындағы төменгі бөлігінде "ІІМ" деген жазу бар. Салтанатты нысанды киімге шевронның негізі көк барқын түстес, салтанатты-шығуға арналған нысанды киімге – қою сұр түсті, ақ жейдеге – ақ түсті, күнделікті нысанды киімге – қою қорғаныш түсті.";

      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

      "29-1. Жоғары басшы құрамға арналған далалық нысанды киімге "ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ" деген жеңдік белгі жеңнің қосылған жоғарғы тігісінен 12 см қашықтықта сол жақ жеңнің сыртқы жағында тігіледі және тоқыма матадан тiгiлген қалқан нысанындағы шевронды білдіредi, мөлшері 80х95 мм. Шевронның сыртқы жиегінде қою қорғаныш түсті жиек келтірілген, ішкі периметрі бойынша қою сары түсті жіппен тігілген, жиегінің бойымен периметрі бойынша ішкі жағынан қара түсті лавр бұтақшалары түрінде өрнек салынған. Ортаңғы бөлігінде шеңбер орналасқан, шеңбердің сыртқы жиегі қою сары түсті, шеңбердің ішкі бөлігінде ашық көгілдір түсті негізде Қазақстан Республикасының Елтаңбасы орналасқан. Шевронның жоғары бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН" деген қара түсті жазу бар. Шеңбердің астындағы төменгі бөлігінде "ІІМ" деген қара түсті жазу бар. Далалық нысанды киімге шевронның негізі бүркеніш түстен жасалады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Жоғары басшы құрамға арналған "ТЖК" деген жеңдік белгі жеңнің қосылған жоғарғы тігісінен 12 см қашықтықта оң жақ жеңнің сыртқы жағында тігіледі және тоқыма матадан тiгiлген қалқан нысанындағы шевронды білдіредi, мөлшері 80х95 мм. Шевронның сыртқы жиегінде күрең түсті жиек келтірілген, ішкі периметрі бойынша жиегі 5 пайыздық алтын жалатылған зер жіппен тігілген, жиегінің бойымен периметрі бойынша ішкі жағынан алтын түсті лавр бұтақшалары түрінде өрнек салынған. Ортаңғы бөлігінде алтын түсті параллельдері мен меридиандары бар көгілдір түсті жер шарының суреті орналасқан, оның ортасында – тең ортасында қызғылт-сары шеңбермен алтын түсті "жел бағыты" бейнесі белгіленген, оның ішінде көк түсті үшбұрыш бар. Жоғары бөлігінде алтын түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу бар, төменгі жағында - алтын түстес қалықтаған қыран, оның астында алтын түсті "ТЖК" деген әріптер жазылған, әріптердің астында алтын түсті ұлттық өрнек элементі орналасқан. Салтанатты нысанды киімге шевронның негізі көк барқын түстес, салтанатты-шығуға арналған нысанды киімге – қою сұр түсті, күнделікті нысанды киімге – қою қорғаныш түсті.";

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Жоғары басшы құрамға арналған күнделікті далалық нысанды киімге "ТЖК" деген жеңдік белгі жеңнің қосылған жоғарғы тігісінен 12 см қашықтықта оң жақ жеңнің сыртқы жағында тігіледі және тоқыма матадан тiгiлген қалқан нысанындағы шевронды білдіредi, мөлшері 80х95 мм. Шевронның сыртқы жиегінде қою қорғаныш түсті жиек келтірілген, ішкі периметрі бойынша қою сары түсті жиек тігілген, жиегінің бойымен периметрі бойынша ішкі жағынан қара түсті лавр бұтақшалары түрінде өрнек салынған. Ортаңғы бөлігінде қара түсті параллельдері мен меридиандары бар қорғаныш түсті жер шарының суреті орналасқан, оның ортасында – тең ортасында қызғылт-сары шеңбермен қою сұр түсті "жел бағыты" бейнесі белгіленген, оның ішінде көк түсті үшбұрыш бар. Жоғары бөлігінде қара түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу бар, төменгі жағында - қара түстес қалықтаған қыран, оның астында қара түсті "ТЖК" деген әріптер жазылған, әріптердің астында қара түсті ұлттық өрнек элементі орналасқан. Далалық киімге шевронның негізі бүркеніш түстен жасалады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Аға, орта, кіші басшы және қатардағы құрамға арналған "ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ" деген жеңдік белгі жеңнің қосылған жоғарғы тігісінен 12 см қашықтықта сол жақ жеңнің сыртқы жағында тігіледі және тоқыма матадан тiгiлген қалқан нысанындағы шевронды білдіредi, мөлшері 80х95 мм. Ортаңғы бөлігінде ашық көгілдір түсті шеңбер орналасқан, шеңбердің сыртқы жиегі алтын түсті, ішкі жиегі күрең түсті. Шеңбердің ортасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі нышанының бейнесі орналасқан, шевронның жоғары бөлігінде алтын түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу бар, шеңбердің периметрі бойынша төменгі бөлігінде сары түсті "ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ" деген жазу бар. Жазудың астында алтын түсті ұлттық өрнектің элементі орналасқан. Шевронның сыртқы жиегінде күрең түсті жиек келтірілген, ішкі периметрі бойынша алтын түсті шырмауық лента түрінде жиектелген. Салтанатты нысанды киімге шевронның негізі көк барқын түстес, күнделікті нысанды киімге – қою қорғаныш түсті нысанды киімге.";

      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:

      "31-1. Аға, орта, кіші басшы және қатардағы құрамға арналған "ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ" деген жеңдік белгі жеңнің қосылған жоғарғы тігісінен 12 см қашықтықта сол жақ жеңнің сыртқы жағында тігіледі және тоқыма матадан тiгiлген қалқан нысанындағы шевронды білдіредi, мөлшері 80х95 мм. Ортаңғы бөлігінде негізі қорғаныш түсті шеңбер орналасқан, шеңбердің сыртқы жиегі қара түсті, ішкі жиегі қою қорғаныш түсті. Шеңбердің ортасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі нышанының бейнесі орналасқан, шевронның жоғары бөлігінде қара түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу бар, шеңбердің периметрі бойынша төменгі бөлігінде сары түсті "ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ" деген жазу бар. Жазудың астында қара түсті ұлттық өрнектің элементі орналасқан. Шевронның сыртқы жиегінде күрең қорғаныш түсті жиек келтірілген, ішкі периметрі бойынша қара түсті шырмауық лента түрінде жиектелген. Далалық нысанды киімге шевронның негізі бүркеніш түстен жасалады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Аға, орта, кіші басшы және қатардағы құрамға арналған "ТЖК" деген жеңдік белгі жеңнің қосылған жоғарғы тігісінен 12 см қашықтықта оң жақ жеңнің сыртқы жағында тігіледі және тоқыма матадан тiгiлген қалқан нысанындағы шевронды білдіредi, мөлшері 80х95 мм. Шевронның сыртқы жиегінде күрең түсті жиек келтірілген, ішкі периметрі бойынша алтын түсті шырмауық лента түрінде жиектелген. Ортаңғы бөлігінде алтын түсті параллельдері мен меридиандары бар көгілдір түсті жер шарының суреті орналасқан, оның ортасында – тең ортасында қызғылт-сары шеңбермен алтын түсті "жел бағыты" бейнесі белгіленген, оның ішінде көк түсті үшбұрыш бар. Жоғары бөлігінде алтын түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу бар, төменгі жағында - алтын түстес қалықтаған қыран, оның астында алтын түсті "ТЖК" деген әріптер жазылған, әріптердің астында алтын түсті ұлттық өрнек элементі орналасқан. Салтанатты нысанды киімге шевронның негізі көк барқын түстес, күнделікті нысанды киімге – қою қорғаныш түсті.";

      мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:

      "32-1. Аға, орта, кіші басшы және қатардағы құрамға арналған далалық нысанды киімге "ТЖК" деген жеңдік белгі жеңнің қосылған жоғарғы тігісінен 12 см қашықтықта оң жақ жеңнің сыртқы жағында тігіледі және тоқыма матадан тiгiлген қалқан нысанындағы шевронды білдіредi, мөлшері 80х95 мм. Шевронның сыртқы жиегінде қою қорғаныш түсті жиек келтірілген, ішкі периметрі бойынша қара түсті шырмауық лента түрінде жиектелген. Ортаңғы бөлігінде қара түсті параллельдері мен меридиандары бар қорғаныш түсті жер шарының суреті орналасқан, оның ортасында – тең ортасында қызғылт-сары шеңбермен қою сұр түсті "жел бағыты" бейнесі белгіленген, оның ішінде көк түсті үшбұрыш бар. Жоғары бөлігінде қара түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу бар, төменгі жағында - қара түстес қалықтаған қыран, оның астында қара түсті "ТЖК" деген әріптер жазылған, әріптердің астында қара түсті ұлттық өрнек элементі орналасқан. Далалық киімге шевронның негізі бүркеніш түстен жасалады.";

      33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті білім беру ұйымдарының курсанттарына арналған "ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ" деген жеңдік белгі жеңнің қосылған жоғарғы тігісінен 12 см қашықтықта сол жақ жеңнің сыртқы жағында тігіледі және тоқыма

      матадан тiгiлген қалқан нысанындағы шевронды білдіредi, мөлшері 80х95 мм. Ортаңғы бөлігінде негізі ашық көгілдір түсті шеңбер орналасқан, шеңбердің сыртқы жиегі алтын түсті, ішкі жиегі күрең түсті. Шеңбердің ортасында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі нышанының бейнесі орналасқан, шевронның жоғары бөлігінде алтын түсті "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу бар, шеңбердің периметрі бойынша төменгі бөлігінде сары түсті "ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ" деген жазу бар. Жазудың астында алтын түсті ұлттық өрнектің элементі орналасқан. Шевронның сыртқы жиегінде күрең түсті жиек келтірілген, ішкі периметрі бойынша алтын түсті шырмауық лента түрінде жиектелген. Ақ жейдеге шевронның негізі ақ түсті, күнделікті нысанды киімге – қою қорғаныш түсті нысанды киімге.

      34. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті білім беру ұйымдарының курсанттарына арналған "Көкшетау техникалық институты" деген жеңдік белгі жеңнің қосылған жоғарғы тігісінен 12 см қашықтықта оң жақ жеңнің сыртқы жағында тігіледі және тоқыма матадан тiгiлген қалқан нысанындағы шевронды білдіредi, мөлшері 80х95 мм және ортасында қызғылт-сары шеңбермен "жел бағыты" бейнесі белгіленген, оның ішінде көк түсті үшбұрыш бар, "жел бағытының" артында жиектері қою қоңыр түсті ашылған кітап орналастырылған, кітап парақтарының жиектері қызыл-қоңыр түсті, кітап парақтары бозғыл түсті, кітаптың жолақтары көкшіл-күлгін түсті. Жоғарғы бөлігінде – "Көкшетау техникалық институты" деген алтын түсті жазу, төменгi бөлiгiнде – ашылған кітаптың астында алтын түсті айқастырылған өрт сөндіру балталары бар өрт сөндірушінің каскасы түріндегі эмблема орналастырылған, ішкі периметрі бойынша алтын түсті шырмауық лента түрінде жиектелген. Ақ жейдеге шевронның негізі ақ түсті, күнделікті нысанды киімге – қою қорғаныш түсті нысанды киімге.";

      мынадай мазмұндағы 34-1-тармақпен толықтырылсын:

      "34-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті білім беру ұйымдарының курсанттарына арналған далалық нысанды киімге "Көкшетау техникалық институты" деген жеңдік белгі жеңнің қосылған жоғарғы тігісінен 12 см қашықтықта оң жақ жеңнің сыртқы жағында тігіледі және тоқыма матадан тiгiлген қалқан нысанындағы шевронды білдіредi, мөлшері 80х95 мм және ортасында қою сұр шеңбермен "жел бағыты" бейнесі белгіленген, оның ішінде қара үшбұрыш бар, "жел бағытының" артында жиектері қара түсті ашылған кітап орналастырылған, кітап парақтарының жиектері қою сұр түсті, кітап парақтары бозғыл түсті, кітаптың жолақтары көкшіл-күлгін түсті. Жоғарғы бөлігінде – "Көкшетау техникалық институты" деген қара түсті жазу, төменгi бөлiгiнде – ашылған кітаптың астында сұр түсті айқастырылған өрт сөндіру балталары бар өрт сөндірушінің каскасы түріндегі эмблема орналастырылған, ішкі периметрі бойынша алтын түсті шырмауық лента түрінде жиектелген. Далалық нысанды киімге шевронның негізі бүркеніш түстен жасалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындалу туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.

      4. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________ Б.Т. Сұлтанов

      2015 жылғы "______" ________



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады