1. "Қазақстан Республикасының Құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 23 мамырдағы № 08-1-1-1/201 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 8508 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізуді БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 25 сәуірдегi № 240 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 95-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 129) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Құрметті (штаттан тыс) консулдарының функциялары мен өкілеттіктерін айқындау жөніндегі нұсқаулықта:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Құрметті консулдың функциялары мен өкілеттіктері";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Құрметті консул өзінің өткен жылғы консулдық қызметі жайлы жылдық есебін әр жылдың 31 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне, ол болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ұсынады.
Мемлекеттік немесе орыс тілінде жасалған жылдық есепте Құрметті консулдың консулдық округте уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарына қатысты қызметі жайлы, Қазақстанның қатысуымен құрылған ұйымдар мен фирмалар, консулдық округке келіп кеткен Қазақстан Республикасының әуе және теңіз кемелерінің экипаждары туралы, жүзеге асырылған консулдық іс-қимылдар туралы ақпарат, болу мемлекетінің консулдық қызметке қатысты жаңа заңнамалық актілері туралы мәліметтер, имидждік жобалардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ консулдық округтың сауда, экономика және мәдени өміріндегі негізгі оқиғалары туралы баяндалады.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Құрметті консулды тағайындау және оның қызметін тоқтату";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің ұсынысы негізінде Құрметті консулды болу мемлекетінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі немесе оның міндетін атқаратын адам тағайындайды және міндеттерінен босатады.
Құрметті консул функцияларын одан әрі ұзарту мүмкіндігі беріле отырып бес жылға тағайындалады.
Құрметті консулды тағайындауға байланысты мәселелерді болу мемлекетімен келісу дипломатиялық арналар арқылы жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:
"25-1. Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі Құрметті консулдың консулдық патентінің мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Құрметті консулдың өкілеттіктері мен функцияларын ұзарту қажеттігі туралы хат жібереді.";
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2)-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | А. Рахметуллин |