БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 455 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5050 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіби бухгалтерлерге қойылатын біліктілік талаптарында:
1-тармақ алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жұмыс өтілі бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есеп-талдамалық жұмыс саласында немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде соңғы үш жыл.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |