БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бірыңғай тізбеге енгізілмеген, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ өзіне қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімді айналысқа шығару қағидаларын, сондай-ақ өзіне қатысты жалпы қауіпсіздік туралы декларация қабылданатын өнім тізбесін, жалпы қауіпсіздік туралы декларацияның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 380-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22903 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай тізбеге енгізілмеген, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ өзіне қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімді айналысқа шығару қағидаларында:
5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) тұтынушылардың жекелеген санаттарының, оның ішінде кәмелетке толмағандардың, жүкті әйелдердің, бала емізетін аналардың, мүгедектігі бар адамдардың өнімді пайдалануы, қолдануы туралы ақпарат ұсыну қажеттігін негізге алады.".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі