Бірыңғай тізбеге енгізілмеген, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ өзіне қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімді айналысқа шығару қағидаларын, сондай-ақ өзіне қатысты жалпы қауіпсіздік туралы декларация қабылданатын өнім тізбесін, жалпы қауіпсіздік туралы декларацияның нысанын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 380-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 2 маусымда № 22903 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бірыңғай тізбеге енгізілмеген, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ өзіне қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімді айналысқа шығару қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Өзіне қатысты жалпы қауіпсіздік туралы декларация қабылданатын өнім тізбесі;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жалпы қауіпсіздік туралы декларацияның нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
  сауда және интеграция министрінің
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 380-НҚ бұйрығына
  1-қосымша

Бірыңғай тізбеге енгізілмеген, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ өзіне қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімді айналысқа шығару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Бірыңғай тізбеге енгізілмеген, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ өзіне қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімді айналысқа шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Бірыңғай тізбеге енгізілмеген, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ өзіне қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімді айналысқа шығару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) дайындаушы – Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, өз атынан өнім өндіруді немесе өндіру мен өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;

      2) дайындаушы уәкілеттік берген тұлға – Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, дайындаушымен, оның ішінде шетелдік дайындаушымен шарт негізінде Қазақстан Республикасының аумағында өнімнің сәйкестігін бағалау және оны айналысқа шығару кезінде осы дайындаушының атынан әрекеттерді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;

      3) жалпы қауіпсіздік туралы декларация – дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы, сатушы Кеден одағы Комиссиясының шешімімен бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін Өнімдердің бірыңғай тізбесіне (бұдан әрі – Бірыңғай тізбе) енгізілмеген өнімге, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ оған қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімге қатысты ерікті түрде қабылдайтын құжат;

      4) импорттаушы – Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, шетелдік дайындаушымен (сатушымен) партиямен шығарылатын өнімді беруге сыртқы сауда шартын (келісімшартын) жасасқан және осы өнімді Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа шығаруды және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;

      5) өнімді айналысқа шығару – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында тарату мақсатында өнімді беру (өткізу) немесе әкелу (оның ішінде дайындаушының қоймасынан жөнелту немесе жинап қоймай тиеп жөнелту);

      6) сатушы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, өнімді сатып алушыға (тұтынушыға) өткізетін заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға;

      7) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі – техникалық реттеу тізілімдеріндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің, ұлттық стандарттау жүйесінің және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімдерінің мәліметтері мен ақпараттарын сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе.

2-тарау. Бірыңғай тізбеге енгізілмеген, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ өзіне қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімді айналысқа шығару тәртібі

      3. Дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы, сатушы Бірыңғай тізбеге енгізілмеген, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ өзіне қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімді айналысқа шығару кезінде өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

      4. Қолданысы айналысқа шығарылатын өнімге қолданылатын ұлттық стандарттарды ерікті негізде қолдану өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті шарт болып табылады.

      5. Бірыңғай тізбеге енгізілмеген, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ өзіне қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы, сатушы мыналарды:

      1) өнімнің сипаттамаларын (оның құрамын қоса алғанда), қаптамаға қойылатын талаптарды, оны пайдалану (пайдалану, қолдану), монтаждау, іске қосу, реттеу және жүргізіп тексеру жөніндегі нұсқаулықтың (нұсқаманың) болуын есепке алу қажеттілігін;

      2) ақпарат немесе негізделген болжамдар болған кезде оларды бірлесіп пайдаланған жағдайда осындай өнімнің басқа өнімге әсері туралы мәліметтерді;

      3) сатып алушыға (тұтынушыға) өнім және оның таңбалануы туралы ақпаратты, оны пайдалану (пайдалану, қолдану), кәдеге жарату туралы нұсқаулар (нұсқама), монтаждау, баптау, пайдалану (пайдалану, қолдану) кезіндегі мүмкін болатын қауіптер және оларды жою тәсілдері және (немесе) өнім туралы өзге де ақпаратты ұсынуды;

      4) өнімді мақсатсыз қолдану мүмкіндігі туралы негізделген болжамдарды, егер мұндай қолдану қауіп төндірсе;

      5) тұтынушылардың жекелеген санаттарының, оның ішінде кәмелетке толмағандардың, жүкті әйелдердің, бала емізетін аналардың, мүгедектігі бар адамдардың өнімді пайдалануы, қолдануы туралы ақпарат ұсыну қажеттігін негізге алады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Сауда және интеграция министрінің 07.09.2022 № 343-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы, сатушы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды, дайындаушы белгілеген өнімнің жарамдылық мерзімі (қызмет ету мерзімі) ішінде пайдалану (пайдалану, қолдану) жөніндегі ұсынымдарды және (немесе) шектеулерді сақтау шартымен оның таңбалауда мәлімделген қасиеттерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      7. Бірыңғай тізбеге енгізілмеген, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ өзіне қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімді айналысқа шығару кезінде дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы, сатушы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде жалпы қауіпсіздік туралы декларацияны қалыптастырады.

      Жалпы қауіпсіздік туралы декларациясына Заңның 7-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және сүйемелдеу қағидаларына сәйкес бірегей сәйкестендіру нөмірі беріледі.

      8. Жалпы қауіпсіздік туралы декларация қалыптастырылғаннан кейін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабарлама береді және техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне енгізеді.

  Қазақстан Республикасының
  сауда және интеграция министрінің
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 380-НҚ бұйрығына
  2-қосымша

Өзіне қатысты жалпы қауіпсіздік туралы декларация қабылданатын өнім тізбесі

      1. Барлық түрдегі сағаттар және олардың бөліктері.

      2. Қолшатырлар мен күннен қорғайтын қолшатырлар.

      3. Күннен қорғайтын көзілдіріктер.

      4. Жалпы дене шынықтырумен, гимнастикамен, жеңіл атлетикамен, өзге де спорт түрлерімен айналысуға немесе ашық ауадағы ойындарға арналған жабдықтар мен инвентарь (қолданыстағы техникалық регламенттердің объектілері болып табылатын өнімдерді қоспағанда).

      5. Тұрмыстық сыпырғыштар, щеткалар.

      6. Тарақтар, шаш тарақтары және ұқсас заттар.

      7. Кеңсе тауарлары, оның ішінде шарикті қаламдар, киізден немесе фетрден және өзге де кеуекті материалдардан жасалған ұшы бар қаламдар мен маркерлер, қара қарындаштар, түрлі-түсті қарындаштар (қолданыстағы техникалық регламенттердің объектілері болып табылатын өнімдерді қоспағанда).

      8. Баспа кітап және журнал өнімі (қолданыстағы техникалық регламенттердің объектілері болып табылатын өнімдерді қоспағанда).

      9. Шырша әшекейлері, жасанды шыршалар және оларға керек-жарақтар, электргирляндалар (қолданыстағы техникалық регламенттердің объектілері болып табылатын өнімдерді қоспағанда).

      10. Жасанды гүлдер.

  Қазақстан Республикасының
  сауда және интеграция министрінің
  2021 жылғы 31 мамырдағы
  № 380-НҚ бұйрығына
  3-қосымша
  Нысан

      Қазақстан Республикасы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі

      Бірегей сәйкестендіру нөмірінің QR-коды

Жалпы қауіпсіздік туралы декларация

      (мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің деректер тізілімінде тіркелген)

      20___ жыл "____" ________

      _______________________________________________________________

      (бірегей сәйкестендіру нөмірі)

      Дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы, сатушы

      ____________________________________________________________________

      (Дайындаушының, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, импорттаушының, сатушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі, атауы, заңды мекенжайы)

      Бірінші басшы_____________________________________________________________

      (Жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Байланыс деректері_________________________________________________________

      (телефон нөмірі, электрондық мекенжайы, сайты)

      Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды_________________________________________________________

      Өнімнің атауы______________________________________________________________

      Өнімнің қысқаша сипаттамасы________________________________________________

      Өнім өндірілген стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың белгісі мен атауы___________________________________________________________________________

      Өнім шығарудың басталу күні________________________________________________

      Дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген Тегі, аты, әкесінің тұлға, импорттаушы, сатушы аты (бар болған жағдайда)

      Ескертпе: Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады