"Бірыңғай тізбеге енгізілмеген, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ өзіне қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімді айналысқа шығару қағидаларын, сондай-ақ өзіне қатысты жалпы қауіпсіздік туралы декларация қабылданатын өнім тізбесін, жалпы қауіпсіздік туралы декларацияның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 380-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 343-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қыркүйекте № 29560 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бірыңғай тізбеге енгізілмеген, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ өзіне қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімді айналысқа шығару қағидаларын, сондай-ақ өзіне қатысты жалпы қауіпсіздік туралы декларация қабылданатын өнім тізбесін, жалпы қауіпсіздік туралы декларацияның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 380-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22903 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай тізбеге енгізілмеген, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ өзіне қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе қолданысқа енгізілмеген өнімді айналысқа шығару қағидаларында:

      5-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) тұтынушылардың жекелеген санаттарының, оның ішінде кәмелетке толмағандардың, жүкті әйелдердің, бала емізетін аналардың, мүгедектігі бар адамдардың өнімді пайдалануы, қолдануы туралы ақпарат ұсыну қажеттігін негізге алады.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

О внесении изменения в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 31 мая 2021 года № 380-НҚ "Об утверждении Правил выпуска в обращение продукции, не включенной в Единый перечень, включенной в Единый перечень, но в отношении которой не приняты или не введены в действие технические регламенты, а также перечня продукции, в отношении которой принимается декларация об общей безопасности, формы декларации об общей безопасности"

Приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 7 сентября 2022 года № 343-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 сентября 2022 года № 29560

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 31 мая 2021 года № 380-НҚ "Об утверждении Правил выпуска в обращение продукции, не включенной в Единый перечень, включенной в Единый перечень, но в отношении которой не приняты или не введены в действие технические регламенты, а также перечня продукции, в отношении которой принимается декларация об общей безопасности, формы декларации об общей безопасности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 22903) следующее изменение:

      в Правилах выпуска в обращение продукции, не включенной в Единый перечень, включенной в Единый перечень, но в отношении которой не приняты или не введены в действие технические регламенты, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 5) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "5) необходимости представления информации об эксплуатации использовании, применении продукции отдельными категориями потребителей, в том числе несовершеннолетними, беременными женщинами, кормящими матерями, лицами с инвалидностью.".

      2. Комитету технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра торговли и интеграции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
- Министр торговли и интеграции
Республики Казахстан
С. Жумангарин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда
и социальной защиты населения
Республики Казахстан