"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
1) "Прокуратура органдарына көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 124 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14138 болып тіркелген);
2) "Прокуратура органдарына көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 28 қазандағы № 132 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19549 болып тіркелген).
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі