Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 20.09.2022 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына, "Прокуратура туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 28.10.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған прокуратура органдарына көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
2. Бекітілген нормаларды іске асыру республикалық бюджетте ағымдағы қаржылық жылға көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Ж. Асанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
______________ Р. Дәленов
22 шілде 2016 ж
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 124 бұйрығымен бекітілген |
Прокуратура органдарына көлік қызметін көрсету үшін арнайы
көлік құралдарының заттай нормалары
№ р/с | Арнайы көлік құралдарын пайдалануға құқығы бар құрылымдық бөлімшенің атауы | Заттай нормалардың атауы | ||
Жеңіл автокөліктер базасында | жүк автокөліктері мен жолаушылар автобустары шанағында | Жүріс лимиті 1 а/м айына (км) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы | ||||
1 | Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты | Бөлімшенің 9 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | - | 2600 |
2 | Әлеуметтік- экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімшесі | Бөлімшенің 15 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | - | 2600 |
3 | Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау бөлімшесі | Бөлімшенің 10 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | - | 2600 |
4 | Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімшесі | Бөлімшенің 6 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | - | 2600 |
5 | Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету бөлімшесі | Бөлімшенің 15 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | - | 2600 |
6 | Кадр жұмысы бөлімшесі | Бөлімшенің 10 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | - | 2600 |
7 | Арнайы прокурорлар бөлімшесі | Бөлімшенің 6 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | - | 2600 |
8 | Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау бөлімшесі | Бөлімшенің 6 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | - | 2600 |
9 | Халықаралық ынтымақтастық бөлімшесі | Бөлімшенің 10 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | - | 2600 |
10 | Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімшесі | Бөлімшенің 6 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | - | 2600 |
11 | Қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекет мүддесіне өкілдік ету бөлімшесі | Бөлімшенің 15 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | - | 2600 |
12 | Өтініштерді қарау туралы заңдардың қолданылуын қадағалау және іс жүргізу бөлімшесі | Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | - | 2600 |
13 | Норма шығармашылық қызмет саласыдағы қадағалау бөлімшесі | Бір көлік құралы | - | 2600 |
14 | Мемлекеттік құпиялар туралы заңдарды қадағалау және құпиялылық режимін қамтамасыз ету бөлімшесі | Бір көлік құралы | - | 2600 |
15 | Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшесі | Бір көлік құралы | - | 2600 |
16 | Ішкі аудит бөлімшесі | Бір көлік құралы | - | 2600 |
17 | Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы | Бір көлік құралы | Орта немесе шағын класты алты жолаушы автобусы; үш аз тонналы жүк автокөлігі | 2600 |
18 | Шаруашылық басқармасы | Бір көлік құралы | Орта немесе шағын класты бір жолаушы автобусы, бір аз тонналы жүк автокөлігі | 2600 |
19 | Бас прокуратураның Алматы қаласындағы өкілдігі | Бір көлік құралы | - | 2600 |
20 | Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет | Бір көлік құралы | Бір аз тонналы жүк автокөлігі | 2000 |
21 | Құқық қорғау органдары академиясы | 35 бірлік штаттық санға бір көлік құралы | Орта немесе шағын класты екі жолаушы автобусы; екі аз тонналы жүк автокөлігі | 2000 |
Облыстық прокуратуралар мен оларға теңестірілген прокуратуралар | ||||
22 | Әлеуметтік- экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімшесі | Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | - | 2600 |
23 | Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау бөлімшесі | Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | - | 2600 |
24 | Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімшесі | Бөлімшенің 5 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | - | 2600 |
25 | Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету бөлімшесі | Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | - | 2600 |
26 | Арнайы прокурорлар бөлімшесі | Тергеу топтарының басшыларына арналған бір көлік құралы | - | 2600 |
27 | Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімшесі | Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | Орта немесе шағын класты бір жолаушы автобустары | 2600 |
28 | Қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекет мүддесіне өкілдік ету бөлімшесі | Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы | - | 2600 |
29 | Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшесі | Бір көлік құралы | - | 2600 |
30 | Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің бөлімшелері | Бір көлік құралы | - | 2000 |
Аудандардың (қалалардың, прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар | ||||
31 | Аудандардың (қалалардың) прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар | Қызметкерлер саны 35-тен жоғары болған жағдайда бір көлік құралы | - | 2600 |
32 | Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы | "Река-Море" класты бір кеме | - | - |