"Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 қыркүйекте № 29865 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 186 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20340 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау қағидалары бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
2022 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 112 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 186 бұйрығымен
бекітілген

Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау тәртібі мен "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның заңды тұлғаның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мынадай жұмыс түрлерін орындауға:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу;

      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау;

      3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;

      4) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;

      5) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестаттауға жатады.

      3. Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен жүргізіледі.

      4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі-аттестат) беріледі.

      5. Аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.

      Аттестаттың қолданылуы мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаның аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы өтініш беруі;

      2) оның қолданылу мерзімі аяқталған кезде;

      3) заңды тұлға таратылған жағдайда;

      4) аттестаттан айыру.

      Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылмаған жағдайда аттестаттан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      6. "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      7. Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жібереді www.egov.kz (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не жауапты орындаушы тағайындалатын оны алмастыратын тұлғаға жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жауапты орындаушы ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің Заңның талаптарына және "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10188 болып тіркелген) талаптарына сәйкестігін тексереді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.

      10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жолдайды.

      Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алу мүмкіндігі бар.

      Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      13. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсету туралы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы, ұзарту себептерін көрсете отырып, жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  Заңды тұлғаларды
өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласында жұмыстар
жүргізу құқығына
аттестаттау қағидаларына
1-қосымша

      нысан

      [Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

  Басшыға
[Мемлекеттік органның атауы]

      Өтініш нөмірі: [нөмір]

      Өтініш күні: [күні]

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестат алуға ӨТІНІШ _____________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы)

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса берілген құжаттар тізбесін қарап, "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестат" беруді сұрайды.

      ____________________________________________________________________

      (жұмыс түрін көрсету)

      Қосымша: [мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі]

      Ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және анық емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

  ____________________________
[Тегі, аты, әкесінің аты (бар
болса), электрондық цифрлық
қолтаңба]



  Заңды тұлғаларды
өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласында жұмыстар
жүргізу құқығына
аттестаттау қағидаларына
2-қосымша

"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті беруші

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" Веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестат не оны беруден дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс графигі

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, порталда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін

1) өтініш;
2) "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10188 болып тіркелген) (бұдан әрі-өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптар) талаптарына ұйымның сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындының электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты аттестаттаудан өтуді талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы;
5) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Өзге де талаптар мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: "1414", +7 (800) 080 7777.

  Заңды тұлғаларды
өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласында жұмыстар
жүргізу құқығына
аттестаттау қағидаларына
3-қосымша

      нысан

[Мемлекеттік органның атауы]



 

[Наименование государственного органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]




Нөмір: [Құжат нөмірі]


[Заңды тұлғаның атауы]




Өтініш нөмірі: [Нөмір]


[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]




Берілген күні: [күні]




Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына АТТЕСТАТ

[Мемлекеттік органның атауы] "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес [сараптама қорытындысының күні] жылғы № [сараптама қорытындысының нөмірі] [сараптама қорытындысын берген ұйымның атауы] оң сараптама қорытындысын ескере отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығы берілді:_______________________________
(жұмыстардың түрі (лері) көрсетіледі)
Аттестаттың қолданылуының ерекше шарттары: аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.

[Қол қоюшының лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба]

 



  Заңды тұлғаларды
өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласында жұмыстар
жүргізу құқығына
аттестаттау қағидаларына
4-қосымша

      нысан

[Мемлекеттік органның атауы]



 

[Наименование государственного органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]




Күні: [берілген күні]


[Заңды тұлғаның атауы]




Нөмірі: [құжат нөмірі]


[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]


ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ

[Мемлекеттік органның атауы], Сіздің [өтініш берілген күн] жылғы № [Өтініш нөмірі] өтінішіңізді және [сараптама жасалған күн] жылғы № [сараптама қорытындысының нөмірі] [сараптама қорытындысын берген ұйымның атауы] сараптамалық қорытындыны [өтініш берілген күн] қарап, мыналарды хабарлайды:
[Бас тарту негіздемесі]

[Қол қоюшының лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба]



 

 


О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 186 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Аттестация юридических лиц на право проведения работ в области промышленной безопасности"

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 27 сентября 2022 года № 112. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 сентября 2022 года № 29865

      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 186 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Аттестация юридических лиц на право проведения работ в области промышленной безопасности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20340) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил аттестации юридических лиц на право проведения работ в области промышленной безопасности";

      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 2 статьи 72 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите" и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила аттестации юридических лиц на право проведения работ в области промышленной безопасности.";

      Правила оказания государственной услуги "Аттестация юридических лиц на право проведения работ в области промышленной безопасности", утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету промышленной безопасности Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представить в Юридический департамент Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан сведения об исполнении мероприятия, согласно подпунктам 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по чрезвычайным
ситуациям Республики Казахстан
Ю. Ильин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Приложение
к приказу Министра по
чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
от 27 сентября 2022 года № 112
  Утверждены
приказом Министра индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 6 апреля 2020 года № 186

Правила аттестации юридических лиц на право проведения работ в области промышленной безопасности

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила аттестации юридических лиц на право проведения работ в области промышленной безопасности (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 72 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите" (далее – Закон) и подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О государственных услугах" (далее – Закон о государственных услугах), и определяют порядок аттестации юридических лиц на право проведения работ в области промышленной безопасности, и порядок оказания государственной услуги "Аттестация юридических лиц на право проведения работ в области промышленной безопасности".

      2. Аттестация юридических лиц на право проведения работ в области промышленной безопасности проводится с целью официального признания уполномоченным органом в области промышленной безопасности правомочий юридического лица выполнять следующие виды работ в области промышленной безопасности:

      1) проведение экспертизы промышленной безопасности;

      2) подготовка, переподготовка специалистов, работников в области промышленной безопасности;

      3) проведение экспертизы в области взрывных работ;

      4) проведение технического обслуживания газопотребляющих систем;

      5) проведение монтажа, технического обслуживания, технического диагностирования, технического освидетельствования и ремонта лифтов, эскалаторов, траволаторов, а также подъемников для лиц с инвалидностью.

      3. Аттестация юридических лиц на право проведения работ в области промышленной безопасности проводится в порядке оказания государственной услуги "Аттестация юридических лиц на право проведения работ в области промышленной безопасности".

      4. Юридическим лицам, аттестованным на право проведения работ в области промышленной безопасности выдаются Аттестат на право проведения работ в области промышленной безопасности (далее – аттестат).

      5. Срок действия аттестата составляет пять лет.

      Аттестат прекращает действие в случаях:

      1) представления юридическим лицом, аттестованным на право проведения работ в области промышленной безопасности заявления с просьбой о прекращении действия аттестата;

      2) истечения срока его действия;

      3) ликвидации юридического лица;

      4) лишения аттестата.

      Лишение аттестата осуществляется в судебном порядке в случае неустранения причин, по которым было приостановлено действие аттестата.

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      6. Государственная услуга "Аттестация юридических лиц на право проведения работ в области промышленной безопасности" (далее – государственная услуга), оказывается Комитетом промышленной безопасности Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (далее – услугодатель) согласно настоящим Правилам.

      7. Для получения государственной услуги юридические лица (далее – услугополучатель) направляют услугодателю через веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал) заявление в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью услугополучателя по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги изложены согласно приложению 2 к настоящим Правилам в форме Перечня основных требований к оказанию государственной услуги.

      При подаче услугополучателем всех необходимых документов посредством портала в "личном кабинете" услугополучателя отображается статус о принятии запроса для оказания государственной услуги с указанием даты получения результата государственной услуги.

      Сведения о документах, удостоверяющих личность, о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

      8. Работник канцелярии услугодателя осуществляет прием и регистрацию документов в день их поступления и направляет руководителю услугодателя либо лицу его замещающему, которым назначается ответственный исполнитель.

      В случае обращения услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем.

      9. Ответственный исполнитель проверяет представленные документы и сведения указанные в них на соответствие требованиям Закона и требованиям, утвержденным приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 299 "Об утверждении требований, предъявляемых к юридическим лицам, аттестуемым на проведение работ в области промышленной безопасности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10188) и оформляет результат оказания государственной услуги, по формам согласно приложениям 3 или 4 к настоящим Правилам.

      10. Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан, изложены в приложении 2 к настоящим Правилам.

      При выявлении оснований для отказа в оказании государственной услуги в соответствии со статьей 73 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан (далее – АППК РК), услугодатель уведомляет услугополучателя о предварительном решении об отказе в оказании государственной услуги, а также времени и месте (способе) проведения заслушивания для возможности выразить услугополучателю позицию по предварительному решению.

      Уведомление о заслушивании направляется не менее чем за 3 (три) рабочих дня до завершения срока оказания государственной услуги.

      Заслушивание проводится не позднее 2 (двух) рабочих дней со дня уведомления. По результатам заслушивания услугодатель выдает положительный результат либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги.

      11. Результат оказания государственной услуги подписывается электронной цифровой подписью руководителя услугодателя либо лица его замещающего и направляется через портал в "личный кабинет" услугополучателя в форме электронного документа.

      Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала.

      Информации о порядке и статусе оказания государственной услуги поступают в автоматическом режиме в информационную систему мониторинга оказания государственных услуг.

      12. Услугодатель направляет информацию о внесенных изменениях и (или) дополнениях в настоящих Правилах оператору информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства" и в Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг.

      13. Государственная услуга, оказывается в порядке очереди без предварительной записи и ускоренного обслуживания.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) услугодателя по вопросам оказания государственных услуг

      14. Рассмотрение жалобы по вопросам оказания государственных услуг производится вышестоящим административным органом, должностным лицом, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг (далее – орган, рассматривающий жалобу).

      Жалоба подается услугодателю, должностному лицу, чье решение, действие (бездействие) обжалуются.

      Услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, не позднее 3 (трех) рабочих дней со дня поступления жалобы направляют ее и административное дело в орган, рассматривающий жалобу.

      При этом услугодатель, должностное лицо, чье решение, действие (бездействие) обжалуются, вправе не направлять жалобу в орган, рассматривающий жалобу, если он в течение 3 (трех) рабочих дней примет благоприятное решение, совершит административное действие, полностью удовлетворяющие требованиям, указанным в жалобе.

      15. Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона о государственных услугах, подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      16. Срок рассмотрения жалобы услугодателем, уполномоченным органом по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг в соответствии с пунктом 4 статьи 25 Закона о государственных услугах продлевается не более чем на 10 (десять) рабочих дней в случаях необходимости:

      1) проведения дополнительного изучения или проверки по жалобе либо проверки с выездом на место;

      2) получения дополнительной информации.

      В случае продления срока рассмотрения жалобы должностное лицо, наделенное полномочиями по рассмотрению жалоб, в течение трех рабочих дней с момента продления срока рассмотрения жалобы сообщает в письменной форме (при подаче жалобы на бумажном носителе) или электронной форме (при подаче жалобы в электронном виде) услугополучателю, подавшему жалобу, о продлении срока рассмотрения жалобы с указанием причин продления.

      17. Если иное не предусмотрено Законом, обжалование в суде допускается после обжалования в административном (досудебном) порядке в соответствии с пунктом 5 статьи 91 АППК РК.

  Приложение 1
к Правилам аттестации
юридических лиц на право
проведения работ в области
промышленной безопасности"
  форма

      [Реквизиты юридического лица (адрес, бизнес-идентификационный номер, телефон)]

  Руководителю
[Наименование государственного органа]

      Номер заявления: [Номер]

      Дата заявления: [Дата]

                                    ЗАЯВЛЕНИЕ
                  на получение аттестата на право проведения работ
                        в области промышленной безопасности

      _____________________________________________________________
                        (наименование юридического лица)

      Руководствуясь статьей 72 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите",
просит Вас рассмотреть прилагаемый перечень документов и выдать "Аттестат на право
проведения работ в области промышленной безопасности"

      ____________________________________________________________________
                                    (указать вид работ)

      Приложение: [Перечень документов необходимых для оказания государственной
услуги]

      Согласен на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну,
содержащихся в информационных системах.

      Подтверждаю достоверность представленной информации и осведомлен об
ответственности за предоставление недостоверных сведений в соответствии с
законодательством Республики Казахстан.

  [Фамилия, имя, отчество
(при наличии), электронная
цифровая подпись]

     


  Приложение 2
к Правилам аттестации
юридических лиц
на право проведения работ
в области промышленной
безопасности"

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Аттестация юридических лиц на право проведения работ в области промышленной безопасности"

1

Наименование услугодателя

Комитет промышленной безопасности Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (далее – услугодатель)

2

Способы предоставления государственной услуги

Веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал)

3

Срок оказания государственной услуги

10 (десять) рабочих дней

4

Форма оказания государственной услуги

Электронная (полностью автоматизированная)

5

Результат оказания государственной услуги

Аттестат на право проведения работ в области промышленной безопасности либо мотивированный отказ в его выдаче

6

Размер оплаты, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Бесплатно

7

График работы

Услугодателя, с понедельника по пятницу, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 до 18.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан (далее – Кодекс) с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов.
Портала, круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Кодексу, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

1) заявление;
2) электронная копия экспертного заключения о соответствии организации требованиям, утвержденным приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 299 "Об утверждении требований, предъявляемых к юридическим лицам, аттестуемым на проведение работ в области промышленной безопасности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10188) (далее – требования к юридическим лицам, аттестуемым на право проведения работ в области промышленной безопасности).

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
2) несоответствие услугополучателя и (или) представленных материалов, данных и сведений, необходимых для оказания государственной услуги, требованиям, установленным Законом Республики Казахстан "О гражданской защите" и требованиям к юридическим лицам, аттестуемым на право проведения работ в области промышленной безопасности;
3) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих для прохождения аттестации;
4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого услугополучатель лишен специального права, связанного с получением государственной услуги;
5) отсутствие согласия услугополучателя, предоставляемого в соответствии со статьей 8 Закона Республики Казахстан "О персональных данных и их защите", на доступ к персональным данным ограниченного доступа, которые требуются для оказания государственной услуги.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги

Адреса мест оказания государственной услуги размещены на:
1) интернет-ресурсе услугодателя;
2) портале www.egov.kz.
Телефон Единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг: "1414", +7 (800) 080 7777.

  Приложение 3
к Правилам аттестации
юридических лиц
на право проведения работ
в области промышленной
безопасности"
  форма

[Мемлекеттік органның атауы]



[Наименование государственного органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]




Номер: [Номер документа]


[Наименование юридического лица]




Номер заявления: [Номер]


[Реквизиты юридического лица (адрес, бизнес-идентификационный номер, телефон)]




Дата выдачи: [Дата]



АТТЕСТАТ
на право проведения работ в области промышленной безопасности

[Наименование государственного органа], в соответствии со статьей 72 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите" и Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях", учитывая положительное экспертное заключение от [Дата экспертного заключения] года № [Номер экспертного заключения] [Наименование организации, выдавшей экспертное заключение], предоставлено право проведения работ в области промышленной безопасности:_______________________________
(указывается вид (ы) работ)
Особые условия действия аттестата: cрок действия аттестата составляет пять лет.

[Должность подписывающего]

[Фамилия, имя, отчество (при наличии), электронная цифровая подпись]




  Приложение 4
к Правилам аттестации
юридических лиц
на право проведения работ
в области промышленной
безопасности"
  форма

[Мемлекеттік органның атауы]



[Наименование государственного органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]




Дата: [Дата выдачи]


[Наименование юридического лица]




Номер: [Номер документа]


[Реквизиты юридического лица (адрес, бизнес-идентификационный номер, телефон)]

МОТИВИРОВАННЫЙ ОТКАЗ

[Наименование государственного органа], рассмотрев Ваше заявление от [Дата заявления] года № [Номер заявления] и экспертное заключение от [Дата экспертного заключения] года № [Номер экспертного заключения] [Наименование организации, выдавший экспертное заключение] сообщает следующее:
[Обоснование отказа]

[Должность подписывающего]

[Фамилия, имя, отчество (при наличии), электронная цифровая подпись]