Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 186 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 8 сәуірде № 20340 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 27.09.2022 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 27.09.2022 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 27.09.2022 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 186 бұйрығымен
бекітілген

Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 27.09.2022 № 112 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-бабының 2-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау тәртібі мен "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның заңды тұлғаның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мынадай жұмыс түрлерін орындауға:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу;

      2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау;

      3) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;

      4) газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу;

      5) лифтілерді, эскалаторларды, траволаторларды, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған көтергіштерді монтаждауды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық диагностикалауды, техникалық куәландыруды және жөндеуді жүргізу құқығына аттестаттауға жатады.

      3. Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібімен жүргізіледі.

      4. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаларға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестат (бұдан әрі-аттестат) беріледі.

      5. Аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.

      Аттестаттың қолданылуы мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғаның аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы өтініш беруі;

      2) оның қолданылу мерзімі аяқталған кезде;

      3) заңды тұлға таратылған жағдайда;

      4) аттестаттан айыру.

      Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрудың себептері жойылмаған жағдайда аттестаттан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      6. "Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      7. Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш жолдайды.

      Процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында жазылған.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.07.2024 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Портал өтінішті автоматты режимде қабылдауды жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оның орнындағы адамға (көрсетілетін қызметті берушімен белгілеген қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) жолдайды, онымен жауапты орындаушы тағайындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушымен өтінішті портал арқылы берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.07.2024 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жауапты орындаушы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" № 299 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10188 болып тіркелген) (бұдан әрі – талаптар) қойылатын талаптарға көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытындыны алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қызметін жүзеге асыру орны бойынша көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесіне сұрау жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлімшесі 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес қойылатын талаптарға сәйкестігіне рұқсат беру бақылауын жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес остігі туралы қорытынды жасайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды алған кезде жауапты орындаушы осы Қағидаларға 3 немесе 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.07.2024 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші тыңдау рәсімін жүзеге асырады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.07.2024 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады (көрсетілетін қызметті беруші белгілеген қызметтік міндеттерді бөлуге сәйкес) және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жолданады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алу мүмкіндігі бар.

      Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.07.2024 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      13. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік қызмет көрсету туралы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы, ұзарту себептерін көрсете отырып, жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы жұмыстарды
жүргізу құқығына заңды
тұлғаларды аттестаттау
қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.07.2024 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]
[Мемлекеттік органның атауы]
Басшысына
Өтініштің нөмірі: [Нөмір]
Өтініш күні: [Күн]
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат алуға ӨТІНІШ
_____________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабын басшылыққа ала отырып, сізден "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестат" беруді сұрайды
__________________
(жұмыс түрін көрсету)
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу үшін материалдық-техникалық базаның орналасқан жері ______________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтер ұсынылған үшін жауапкершілік туралы хабардармын.


____________________________
[Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба]

 


  Заңды тұлғаларды
өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласында жұмыстар
жүргізу құқығына
аттестаттау қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.07.2024 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына заңды тұлғаларды аттестаттау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде

1

Көрсетілетін қызметті беруші

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" Веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына аттестат не оны беруден дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс графигі

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, порталда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Өтініш.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" № 299 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10188 болып тіркелген) бекітілген талаптарға сәйкес келмейді;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты аттестаттаудан өту үшін талап етілетін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған;
4) Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Өзге де талаптар мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: "1414", +7 (800) 080 7777.

  Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы жұмыстарды
жүргізу құқығына заңды
тұлғаларды аттестаттау
қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.07.2024 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Нысан

[Мемлекеттік органның атауы]



 

[Наименование государственного органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]




Нөмір: [Құжаттың нөмірі]


[Заңды тұлғаның атауы]




Өтініштің нөмірі: [Нөмір]


[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]




Берілген күні: [Күн]



Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына
АТТЕСТАТ
[Мемлекеттік органның атауы], "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы ""Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" № 299 бұйрығымен бекітілген талаптарға өтініш берушінің сәйкестігі туралы қорытындыны есепке ала отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығы берілді:
__________________________________________________________
(жұмыс түрі (-лері) көрсетіледі)
Аттестатты қолданудың ерекше шарттары: аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.
[Қол қоюшы лауазымы] [Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба]
 

  Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы жұмыстарды
жүргізу құқығына заңды
тұлғаларды аттестаттау
қағидаларына
4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 01.07.2024 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Нысан

[Мемлекеттік органның атауы]



 

[Наименование государственного органа]




[Мемлекеттік органның деректемелері]


[Реквизиты государственного органа]




Берілген күні: [күні]


[Заңды тұлғаның атауы]




Нөмірі: [құжат нөмірі]


[Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

 
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
[Мемлекеттік органның атауы], сіздің _________ жылғы [өтініш күні] № [Өтініш нөмірі] өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды:
[Бас тартудың негіздемесі]

[Қол қоюшының лауазымы]

[Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба]

 




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады