БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10198 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтініш.
"Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған;
2) органикалық өнімді растауға арналған сәйкестік сертификатының көшірмесі.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған кезде, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.
Қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорация жұмыскері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік корпорация көру және (немесе) есту қабілеті бұзылған адамдар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге кедергісіз тең қол жеткізу бойынша қызмет көрсету шараларын қабылдайды.";
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комиссия өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың мынадай шарттарға сәйкестігін қарастырады:
1) көрсетілетін қызметті алушының сәйкестiктi растау жөнiндегi орган субсидиялауға арналған өтініш берілген күннің алдындағы алты айдан ерте емес берген органикалық өнім өндіруге қойылатын талаптарға сәйкестік сертификатын растауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден көрсетілетін қызметтерді алғанын растауы (жеткізушінің органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін сертификаттау туралы тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);
3) органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін растау кезінде келтірілген шығындарды өтеу үшін ағымдағы жылы субсидиялар төлемдерінің болмауы.
Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша Комиссия көрсетілетін қызметті алушының осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шарттарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы шешім қабылдайды. Комиссия шешімі хаттама түрінде ресімделеді.
9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындау туралы хабарламаны ресімдейді және оның Мемлекеттік корпорацияға жіберілуін қамтамасыз етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші субсидиялар төлеуге арналған ведомость бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлем шотын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады.
Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын субсидиялауға арналған өтініштер бойынша субсидияларды төлеу субсидиялауға арналған өтініш берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұсынымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдалымды көрсетілетін қызметті беруші хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының тыңдалымға ұсынған құжаттарын қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындау туралы хабарламаны не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және оның Мемлекеттік корпорацияға жіберілуін қамтамасыз етеді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) шағымды жібермеуге құқылы.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оның "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына және Бірыңғай байланыс орталығына жолданылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 10 қазандағы № 319 бұйрығына қосымша |
|
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларына 2-қосымша |
"Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті жеткізу тәсілдері | Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 15 (он бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Субсидияны тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат нысандарының жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10198 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар. |