Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қаңтарда № 10198 тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.11.2024 № 372 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.06.2021 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2014 жылғы 15 желтоқсан


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 6 қаңтар


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 5-2/671 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 15.06.2021 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау тәртібін, сондай-ақ "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      3) органикалық өнім – "Органикалық өнім өндіру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес өндірілген ауыл шаруашылығы өнімі, акваөсіру және балық аулау өнімі, жабайы өсетін өсімдіктерден алынған өнім және оларды қайта өңдеу өнімдері, оның ішінде тамақ өнімі;

      4) органикалық өнім өндіруші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – органикалық өнімді әзірлеу (жасау), өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      5) органикалық өнім өндіру – Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасында көзделген әдістер мен тәсілдерге сәйкес келетін, нәтижесі органикалық өнім болып табылатын қызмет түрлерінің жиынтығы;

      6) сәйкестік сертификаты – техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

      7) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган – сәйкестікті растау жөнiндегi қызметті жүзеге асыру үшiн белгiленген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;

      8) "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі – мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасында тұрған ақпараттық жүйелердің мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасынан тыс тұрған ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған "электрондық үкімет" шлюзінің кіші жүйесі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.02.2024 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуға субсидияны алу тәртібі

      3. Субсидияларды беру үшін көрсетілетін қызметті беруші тұрақты комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Комиссия құрамы төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады. Жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі комиссия төрағасы болып табылады.

      Комиссия құрамы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің немесе оның міндеттерін атқаратын адамның бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия құрамына көрсетілетін қызметті берушінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Комиссияның құрамы кемінде бес адам.

      4. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтініш.

      "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшада жазылған;

      2) органикалық өнімді растауға арналған сәйкестік сертификатының көшірмесі.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған кезде, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді.

      Қабылданған құжаттарды Мемлекеттік корпорация жұмыскері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13248 болып тіркелген) бекітілген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларына сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Мемлекеттік корпорация көру және (немесе) есту қабілеті бұзылған адамдар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушылардың қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге кедергісіз тең қол жеткізу бойынша қызмет көрсету шараларын қабылдайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.10.2022 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік корпорациядан келіп түскен құжаттар топтамасын тіркеуді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері олар келіп түскен күні жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жауапты орындаушыны тағайындау үшін береді.

      6. Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті жылға арналған республикалық бюджет бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында cубсидиялауға арналған құжаттарды қабылдаудың басталуы мен аяқталуы туралы ақпаратты орналастырады, сондай-ақ субсидиялау туралы тиісті ақпаратты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына, Мемлекеттік корпорацияға, қоғамдық бірлестіктер мен консалтингтік компанияларға жібереді.

      Өтініштерді қабылдау тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап 1 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

      8. Комиссия өтініш келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттардың мынадай шарттарға сәйкестігін қарастырады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының сәйкестiктi растау жөнiндегi орган субсидиялауға арналған өтініш берілген күннің алдындағы алты айдан ерте емес берген органикалық өнім өндіруге қойылатын талаптарға сәйкестік сертификатын растауы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден көрсетілетін қызметтерді алғанын растауы (жеткізушінің органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін сертификаттау туралы тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);

      3) органикалық өнім өндірісінің сәйкестігін растау кезінде келтірілген шығындарды өтеу үшін ағымдағы жылы субсидиялар төлемдерінің болмауы.

      Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша Комиссия көрсетілетін қызметті алушының осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шарттарға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы шешім қабылдайды. Комиссия шешімі хаттама түрінде ресімделеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.10.2022 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындау туралы хабарламаны ресімдейді және оның Мемлекеттік корпорацияға жіберілуін қамтамасыз етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші субсидиялар төлеуге арналған ведомость бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлем шотын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады.

      Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын субсидиялауға арналған өтініштер бойынша субсидияларды төлеу субсидиялауға арналған өтініш берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.10.2022 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұсынымын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдалымды көрсетілетін қызметті беруші хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      Тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының тыңдалымға ұсынған құжаттарын қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындау туралы хабарламаны не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді және оның Мемлекеттік корпорацияға жіберілуін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.10.2022 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Республикалық бюджеттен төленетін қаражат сомасы көрсетілетін қызметті алушының органикалық өнім өндіруге арналған сәйкестік сертификатының барлық құнынан шығындардың 50 (елу) пайызын құрайды.

      11. Органикалық өнім өндіруге 1 (бір) сәйкестік сертификатын алу кезінде шеккен шығындар бойынша өтеу лимиті ағымдағы қаржы жылында 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

      12. Субсидияларды бөлу субсидиялауға арналған өтініштерді беру кезектілігінің тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Шетелдік валютада жұмсалған шығындарды қайта есептеу көрсетілетін қызметтерге төлеу үшін төлемді аудару күнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамы бойынша жүзеге асырылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушіге, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес шағым келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) шағымды жібермеуге құқылы.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.10.2022 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорация – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      16. Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысты қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезде шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.10.2022 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Субсидиялауға арналған өтініш

  20__ жылғы "___" _________

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

      __________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Маған ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамыту үшін органикалық өнім өндіру жөніндегі сәйкестік сертификатын растауға _

      ____________________________________ теңге сомасында субсидия төлеуді сұраймын.

      (сомасы цифрлармен және жазбаша)

      1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін:

      атауы _________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)______________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      ______________________________________________________________

      мекенжайы: ___________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: __________________________________________

      электрондық почтасы ___________________________________________

      жеке тұлға үшін:

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _______________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ________________________________________________________

      кім берді ______________________________________________________

      берілген күні __________________________________________________

      мекенжайы: ___________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: __________________________________________

      электрондық почтасы ___________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

      орналасқан жері________________________________________________

      хабардар етілген күн ____________________________________________

      2. Екінші деңгейдегі банктегі жеке немесе заңды тұлғаның ағымдағы шотының мәліметтері:

      ЖСН/БСН _____________________________________________________

      бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе) ________________________________

      банк деректемелері______________________________________________

      банк атауы _____________________________________________________

      банктің сәйкестендіру нөмірі______________________________________

      жеке сәйкестендіру коды_________________________________________

      БСН ___________________________________________________________

      Кбе ___________________________________________________________

      3. Жер учаскесіне құжаттың болуы туралы мәліметтер: жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы ______________________________________

      мемлекеттік акт _________________________________________________

      (нөмірі және берілген күні, кім берді)

      орналасқан орны________________________________________________

      (облыс, аудан, қала (кент, елді мекен))

      мекенжайы______________________________________________________

      кадастрлық нөмірі _______________________________________________

      барлық алаңы, гектар ____________________________________________ (оның ішінде егістік, нысаналы мақсаты)

      4. Ауыл шаруашылығы өнімін және оны тереңдете қайта өңдеу өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, өңдеу және өткізу жөніндегі объектіге құжаттардың болуы туралы мәліметтер:

      объектінің меншік иесінің атауы__________________________________

      акт нөмірі______________________________________________________

      (нөмірі және берілген күні, кім берді)

      орналасқан орны________________________________________________

      (облыс, аудан, қала (кент, елді мекен))

      мекенжайы_____________________________________________________

      кадастрлық нөмірі _______________________________________________

      нысаналы мақсаты ______________________________________________

      5. Сәйкестікті растау жөніндегі орган қол қойған көрсетілген қызметтердің актісі туралы мәліметтер:

      сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы ________________________

      _______________________________________________________________

      акт нөмірі және күні _____________________________________________

      шарттың нөмірі мен күні, оған сәйкес көрсетілген қызметтер актісі жасалған

      ________________________________________________________________

      көрсетілген қызметтердің түрі (атауы)_______________________________

      көрсетілген қызметтердің жалпы құны, теңгемен______________________

      6. Сәйкестік сертификаты үшін төлемдер бойынша шот-фактуралар туралы мәліметтер:

р/с №

Шот-фактураның нөмірі

Шот-фактураның күні

Көрсетілген қызметтердің түрі (атауы)

Көрсетілген қызметтердің жалпы құны, теңгемен

Сатып алушының ЖСН/БСН-ы және атауы

1

2

3

4

5

6







      7. Берілген сәйкестік сертификаты туралы мәліметтер:

      Сәйкестік сертификатын берген сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы_______________________________________________________________

      сертификат (сертификаттар) нөмірі және берілген күні__________________

      сертификаттың (сертификаттардың) қолданылу мерзімі _________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

      ________________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының не оның өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Өтініш берілген күн: 20 ___ жылғы "___" ______________

  Ауыл шаруашылығы
өнімін өндіруді басқару
жүйелерін дамытуды
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

"Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.10.2022 № 319 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті жеткізу тәсілдері

Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Субсидияны тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат нысандарының жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорация – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің www. gov. kz интернет-ресурсында;
2) Мемлекеттік корпорацияның www. gov4c. kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 5-2/671 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10198 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтініш;
2) органикалық өнімді растауға арналған сәйкестік сертификатының көшірмесі.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және сәйкестiктi растау жөнiндегi органның электрондық шот-фактураны төлеуі туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация жұмыскері "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Тіршілік ету әрекетін шектейтін ағза функцияларының тұрақты бұзушылығы бар, денсаулығы нашар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарын қабылдауды Мемлекеттік корпорация жұмыскері Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жеріне бара отырып жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасындағы www. gov. kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)

      ____________________ мекенжайы бойынша орналасқан №_____ филиалының бөлімі Сіздің 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:

      1) _________________________________________;

      2) _________________________________________;

      бермеуіңізге байланысты "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Осы хабарлама әр тарап үшін бір-бір данадан 2 (екі) данада жасалды.

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      Телефоны ________________

      Алдым: ______________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      20__ жылғы "___" _________

  Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Субсидияны тағайындау туралы хабарлама

      Құрметті __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтінішіңіз бойынша "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетілді және Сіздің №__________ есептік шотыңызға 20___ жылғы "__" __________ төлем шотымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылды.

  Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді басқару жүйелерін
дамытуды субсидиялау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай

      негіздерде: ______________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________ бас тартады.

      Осы бас тарту әр тарап үшін бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

      _______________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады