"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, білім беру ұйымдарының, дербес бөлімшелерінің және ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің бастықтары жеке құрамның осы Қағидаларды зерделеуін ұйымдастырсын және орындауға қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Идеологиялық және имидждік жұмыс департаменті (А.С. Махамбетова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
М. Ахметжанов |
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2022 жылғы 14 қарашадағы № 896 бұйрығына қосымша |
Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағида) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тәлімгер – ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамға (бұдан әрі – ІІО-ға алғаш кіретін адам) бекітілетін және оның кәсіби бейімделуіне оған практикалық көмек көрсететін ІІО-ның қызметкері;
2) ІІО-ға алғаш кіретін адамдарды кәсіби бейімдеу – ІІО-ға алғаш кіретін адамның кәсіби дағдыларды игеруі, ұйымдық (корпоративтік) мәдениетке қосылуы, ІІО-ға қызметке бейімділікті қалыптастыру процесі.
2-тарау. Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі мен мерзімдері
3. Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдарға ішкі істер органдарының тиісті кәсіптік даярлығы және айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлері қатарынан тәлімгер бекітіледі.
Бұл ереже аға және жоғары басшы құрамдар лауазымдарына алғаш кіретін адамдарға қолданылмайды.
4. Қызметкерді тәлімгер ретінде бекіту ІІО уәкілетті басшысының бұйрығымен алты ай мерзімге жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 21.05.2024 № 418 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Қызметкерді тәлімгер ретінде бекіту үшін ІІО-ға алғаш кіретін адамның тікелей басшысының баянаты негіз болып табылады.
6. Бір тәлімгерге екіден артық емес ІІО-ға алғаш кіретін адам бекітіледі.
7. ІІО-ға алғаш кіретін адамның жеке басын зерделеу үшін тәлімгер осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша карточка ашады.
8. Тәлімгер бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ІІО-ға алғаш кіретін адамды тәлімгерлік кезеңінде бейімдеу жоспарын (бұдан әрі – Бейімдеу жоспары) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзірлейді, оны ІІО-ға алғаш кіретін адам қызмет ететін құрылымдық бөлімшенің басшысы бекітеді.
9. Тәлімгер:
1) ІІО-ға алғаш кіретін адамның бейімделу жоспарын орындауына күнделікті бақылауды жүзеге асырады;
2) ІІО-ға алғаш кіретін адамға таңдаған мамандығын меңгеруге көмек көрсетеді, оған функционалдық міндеттерін, оларды сапалы орындау тәсілдері мен әдістерін түсіндіреді, жіберілген қателіктерді бірлесіп талдайды және жояды;
3) жеке өзінің іс-әрекеті арқылы ІІО-ға алғаш кіретін адамның жағымды қасиеттерін, кәсіби дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді;
4) ІІО-ға алғаш кіретін адамды ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, салауатты өмір салтын ұстануға, жалпы мәдени және кәсіби ой-өрісін дамытуға тартады, патриотизмге баулыды;
5) ІІО-ға алғаш кіретін адамның моральдық, іскерлік және кәсіби қасиеттерін, оның қызметке, ұжымға қатынасын зерделейді;
6) ІІО-ға алғаш кіретін адамның моральдық-психологиялық тұрақтылығын және жеке тәртіптілігін нығайтады, олардың тәртіп пен заңдылықты бұзуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды;
7) ІІО-на алғаш кірген адамдардың кәсіби қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін тәлімгер "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 55-бабына сәйкес көтермеленеді.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 21.05.2024 № 418 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. ІІО-ға алғаш кіретін адам:
1) өзіне берілген тапсырмаларды, сондай-ақ бейімдеу жоспарында көзделген іс-шараларды сапалы және уақтылы орындайды;
2) тәртіпті, заңдылықты және нысанды киім киюді сақтайды;
3) ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады;
4) тәлімгерден жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін қабылдайды;
5) әріптестерімен, азаматтармен сыпайы және әдепті қарым-қатынаста болады;
6) кәсіби деңгейін арттыру бойынша жұмыс істейді.
11. Тәлімгерлік аяқталғаннан кейін тәлімгер үш жұмыс күні ішінде ІІО басшысына ІІО-ға алғаш кіретін адамға пікір ұсынылады, онда Бейімдеу жоспарының орындалу нәтижелері, оның кәсіби білімінің, іскерлігі мен дағдыларының деңгейі, қызметтік міндеттерін өз бетінше орындау қабілеті көрсетіледі.
12. Тәлімгерлік аяқталғаннан кейін карточкалар кадр қызметінің номенклатуралық істерінде сақталады (сақтау мерзімі үш жыл), ал тәлімгердің пікірі мен Бейімдеу жоспары ІІО-ға алғаш кіретін адамның жеке ісіне тігіледі.
13. Тәлімгерді ауыстыру ІІО уәкілетті басшысының бұйрығымен мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) ІІО-нан тәлімгерді жұмыстан шығару;
2) Тәртіптік жазамен атқарып отырған лауазымнан босату;
3) Тәлімгерді ІІО-ның басқа бөліністеріне немесе өзге де ведомстволарға ауыстыру (іссапарға жіберу);
4) Тәлімгерді қызмет ерекшеліктерінің өзгеруіне байланысты басқа лауазымға ауыстыру;
5) Елеулі теріс қылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жағдайда.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 21.05.2024 № 418 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Тәлімгерлік қызметін ұйымдастыру ІІО кадр қызметіне жүктеледі, олар тәлімгерлікті ұйымдастырудың оң тәжірибесін зерделейді және жинақтайды, бұл жұмысты жетілдіру туралы ІІО басшысына ұсыныстар енгізеді.
15. Бөлініс бастығы ай сайын тәлімгердің қызметіне есептік бақылау жүргізеді:
1) ІІО-ға алғаш кіретін адамның қызмет барысындағы және тұрмыстық қатынастардың түрлі мәселелері бойынша тәлімгерді тыңдайды;
2) тәлімгерге оқытуды ұйымдастыруда, тәлімгерлік жұмыстың оң тәжірибесімен алмасуда және таратуда әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;
3) тәлімгер мен ІІО-ға алғаш кіретін адам арасындағы жанжалды жағдайларды, қызметтік жағдайды теріс пайдалану, қызметтік тәртіпті бұзу, қызметте, тұрмыста, қоғамдық орындарда лайықсыз мінез-құлық көрсету фактілерін қарайды.
Ескерту. Қағидалар 15-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 21.05.2024 № 418 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ішкі істер органдарына алғаш рет қабылданған адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдеріне 1-қосымша |
Нысан
ІІО-ҒА АЛҒАШ КІРЕТІН АДАМҒА АРНАЛҒАН КАРТОЧКА
_______________________________________________________
лауазымы _______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________________________________
бөлініс
Тәлімгер туралы мәлімет
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________________________________
Атағы ___________________________________________________________________
Лауазымы _________________________________________________________________
Білімі ____________________________________________________________________
ІІО-да ____________________________________________________________________
Осы лауазымда ____________________________________________________________
ІІО-ға алғаш кіретін адам туралы ақпарат
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________________________
Лауазымы _________________________________________________________________
ІІО бастығының тәлімгерді бекіту туралы бұйрығы _______ 20______ жылғы "_____"
__________ № ______
Алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуі ____________________________________________
__________________________________________________________________________
(қайда, қашан)
ІІО-ға алғаш кіретін адамды психологиялық тексеру нәтижелері ___________________
__________________________________________________________________________
(ӘДК қорытындысы бойынша)
ІІО-ға алғаш кіретін адамның жеке басын зерделеу нәтижелері
Туған күні _________________________________________________________________
Туған жері ________________________________________________________________
Ұлты ____________________________________________________________________
Білімі (қай оқу орнын қашан бітірді, оқып жатыр)
_________________________________________________________________________
ҚК қызметі ________________________________________________________________
ІІО-ға қызметке кіру күні ____________________________________________________
Қандай көтермелеулері бар және не үшін
__________________________________________________________________________
Қандай жазалары бар және не үшін
__________________________________________________________________________
ІІО-ға кіргенге дейін қайда жұмыс істеді
__________________________________________________________________________
Қандай жазалары бар ______________________________________________________
Тұрғылықты жері (мекенжайы, үй телефоны) ___________________________________
Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы
_________________________________________________________________________
Отбасы жағдайы (үйленген, бойдақ, ажырасқан) _________________________________
Жақын туыстары (ТАӘ, (бар болған жағдайда), туған күні, мекенжайы, жұмыс немесе
оқу орны):
Әйелі (күйеуі) _____________________________________________________________
Балалары _______________________________________________________________
Әкесі ____________________________________________________________________
Анасы ___________________________________________________________________
Ағасы ___________________________________________________________________
Әпке-қарындасы __________________________________________________________
Отбасындағы қарым-қатынас
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Жұмыстағы және тұрғылықты жердегі жақын достары
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Қызығушылығы ____________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Жеке автокөліктің болуы (маркасы, мемлекеттік нөмірі) __________________________
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________
Жеке меншігінде атыс қаруының болуы (қарудың түрі, нөмірі) ___________________
_________________________________________________________________________
Ішкі істер органдарына алғаш рет қабылданған адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдеріне 2-қосымша |
Нысан
"КЕЛІСІЛДІ" ІІО бастығы (командирі) __________________________ 20 __ жылғы "____" _________ |
ІІО-ға алғаш кіретін адамды тәлімгерлік кезеңінде бейімдеудің жоспары
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 21.05.2024 № 418 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ______________________________________
Құрылымдық бөлініс _______________________________________________________
Лауазымы ________________________________________________________________
Тәлімгерліктің басталу күні ________________________________________________
Тәлімгерліктің аяқталу күні _________________________________________________
Тәлімгердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, атағы ____________
__________________________________________________________________________
№ | Іс-шараның атауы | Жоспарланған кезең | Орындалуы туралы белгі |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 | |||
6 | |||
7 | |||
8 | |||
9 | |||
10 |
Ескертпе: жоспарланған іс-шаралар ІІО-на алғаш кіретін адамды кәсіптік бейімдеуде практикалық көмек көрсетуге бағытталған.
Тәлімгер __________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, Т.А.Ә., (болған жағдайда), қолы)
Таныстым:
ІІО-ға алғаш кіретін адам __________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә., (болған жағдайда), қолы)
20 __ жылғы "_____" ___________