БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 896 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 қарашада № 30549 болып тіркелген) мынадай өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қызметкерді тәлімгер ретінде бекіту ІІО уәкілетті басшысының бұйрығымен алты ай мерзімге жүргізіледі.";
9-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) ІІО-на алғаш кірген адамдардың кәсіби қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін тәлімгер "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 55-бабына сәйкес көтермеленеді.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Тәлімгерді ауыстыру ІІО уәкілетті басшысының бұйрығымен мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) ІІО-нан тәлімгерді жұмыстан шығару;
2) Тәртіптік жазамен атқарып отырған лауазымнан босату;
3) Тәлімгерді ІІО-ның басқа бөліністеріне немесе өзге де ведомстволарға ауыстыру (іссапарға жіберу);
4) Тәлімгерді қызмет ерекшеліктерінің өзгеруіне байланысты басқа лауазымға ауыстыру;
5) Елеулі теріс қылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жағдайда.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Бөлініс бастығы ай сайын тәлімгердің қызметіне есептік бақылау жүргізеді:
1) ІІО-ға алғаш кіретін адамның қызмет барысындағы және тұрмыстық қатынастардың түрлі мәселелері бойынша тәлімгерді тыңдайды;
2) тәлімгерге оқытуды ұйымдастыруда, тәлімгерлік жұмыстың оң тәжірибесімен алмасуда және таратуда әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;
3) тәлімгер мен ІІО-ға алғаш кіретін адам арасындағы жанжалды жағдайларды, қызметтік жағдайды теріс пайдалану, қызметтік тәртіпті бұзу, қызметте, тұрмыста, қоғамдық орындарда лайықсыз мінез-құлық көрсету фактілерін қарайды.";
Көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаның ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе: жоспарланған іс-шаралар ІІО-на алғаш кіретін адамды кәсіптік бейімдеуде практикалық көмек көрсетуге бағытталған".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |