ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) "Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 242 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 126 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14970 болып тіркелген);
2) "Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 242 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 126 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 1522 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 58 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17686 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
К. Мусин |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуратурасының
Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті