Қазақстан Республикасы Әділет министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 957 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 90 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 қарашада № 30795 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналар:

      1) "Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 242 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 126 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14970 болып тіркелген);

      2) "Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 242 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 126 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 1522 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 58 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17686 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
     
      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
К. Мусин

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Бас Прокуратурасының

      Құқықтық статистика

      және арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады