БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15903 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларында:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Субсидиялар энергия өндіруші ұйымдар өтінім берген отын түрі мен көлемі бойынша деректерді негізге ала отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
C – бөлінетін субсидияның сомасы (теңге);
Vқс – қажетті субсидия көлемі (теңге);
N – өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешекті жинау тиімділігінің коэффициенті (%).
Қажетті субсидия көлемі (Vқс) мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Vо – отын көлемі (тонна немесе м3);
Со – есептік жылға отын құны (теңге).
Өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешекті жинау тиімділігінің коэффициенті (N) мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
ЖДБ – өткен күнтізбелік жыл үшін жиналған дебиторлық берешек сомасы (теңге);
ДБ – өткен күнтізбелік жылдағы дебиторлық берешектің жалпы көлемі (теңге).".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Б. Акчулаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі