ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 11.12.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында басым тәртіппен субсидиялауға жататын мал тұқымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 3-2/340 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8637 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2022 жылғы 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Сапаров |