Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында басым тәртіппен субсидиялауға жататын мал тұқымдарының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 3-2/340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 22 тамызда № 8637 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 29 қарашадағы № 394 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 29.11.2022 № 394 (11.12.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық өнімге (материалға) қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында басым тәртіппен субсидиялауға жататын мал тұқымдарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2013 жылғы 25 шілдедегі
№ 3-2/340 бұйрығына
қосымша

Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін асыл тұқымдық
өнімге (материалға) қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында
басым тәртіппен субсидиялауға жататын мал тұқымдарының тізбесі

Р/с

Ауыл шаруашылығы жануарлары

Түрі

Өнімділік

бағыты

Тұқым

1

2

3

4

1

Ірі қара мал

Сүтті

Қара ала

Қырдың қызыл

Голштин фриз қара ала

Әулиета

Айршир

Латвиялық қоңыр

Голштин фриз қызыл-ала

Сүтті-етті

Алатау

Симментал

Швиц

Етті

Қазақтың ақбас

Әулиекөл

Ангус

Герефорд

Санта-гертруда

Шароле

Қалмақ

Обрак

Галловей

2

Қойлар

Биязы жүнді

Қазақтың биязы жүнді

Оңтүстік қазақ мериносы

Қазақтың арқар мериносы

Солтүстік қазақ мериносы

Етті меринос

Волгоград мериносы

Биязылау

Цигай

Гемпшир

Қазақтың етті-жүнді

Биязылау жүнді дегересс қойы

Ақжайық етті-жүнді

Қазақтың биязылау кроссбред жүнді қойы

ұяң жүнді

Дегересс ұяң жүнді құйрықты қойы

Қазақтың ұяң жүнді құйрықты қойы

қылшық жүнді

Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы

Еділбай қойы

Сарыарқа құйрықты қойы

Атыраудың елтірілі-етті бағытындағы құйрықты қойы

елтірілі

Қаракөл

3

Жылқылар

Өнімділік бағытындағы

Қазақтың жабы

Мұғалжар

Көшім

Адай жылқысы

Кабин жылқысы

Жаңа алтай

Мініс

Ағылшын таза қанды мініс жылқысы

Ахалтеке

Таза қанды араб жылқысы

Ганновер

Мініс-жеккі

Дон

Қарабайыр

Қостанай

Желісті

Орыстың желіс жылқысы

Орлов желісті жылқысы

Ауыр жүк таситын жылқылар

Орыстың ауыр жүк таситын жылқысы

Першерон

Владимир жылқысы

Совет ауыр жүк тасығыш

4

Шошқалар

етті

Ірі ақ

Ақсай қара-ала шошқасы

Немістің асыл текті шошқасы

Дюрок

Ландрас

5

Тәуліктік балапандар

Жұмыртқа бағытындағы кросстар

Қоңыр хайсекс

Ақ хайсекс

Ломанн

Родонит

Изза браун

Hy line

Омбылық

Ет

бағытындағы

кросстар

Росс-308

Хаббард

КОББ 500

Сибиряк

Смена

6

Үйрек


Пекин тұқымының "Медеу үйрек кроссы"

7

Қаз


Итальяндық ақ қаздар

8

Түйе құс


Африкалық қара түйе құс

9

Түйелер


Қазақтың айыр өркешті

Түркімен айыр өркешті

Аруана

10

Маралдар

(Бұғылар)


-----

11

Бал арасы


Карпат

Орташа орыс арасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады