БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13812 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 790-бабы екінші бөлігіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Шақыру туралы тиісті түрде хабарланған адамның келмеуінің дәлелді себептері болып танылады: "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) және "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) бұйрықтарына (бұдан әрі – Бұйрықтар) сәйкес медициналық құжаттармен куәландырылған адамның келуіне мүмкіндік бермейтін ауру, жақын туыстарының қазасы және адамды белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен айырған төтенше жағдайлар.";
қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нормашығармашылық және халықаралық ынтымақтастық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы |
О. Бектенов |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен әкiмшiлiк іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкiлiн күштеп әкелу туралы ҰЙҒАРЫМ
20__ жылғы "__" ___________
________________________________________________________________
(қаланың, ауданның атауы)
________________________________________________________________
(лауазымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшесінің атауы
________________________________________________________________
ұйғарымды шығарған лауазымды тұлғаның арнаулы атағы (бар болған
жағдайда), тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
________________________________________________________________
(әкімшілік құқық бұзушылықтың қысқаша мазмұны)
________________________________________________________________
________________________________________________________ туралы
20 ___ жылғы "___" _________ № _____ әкімшілік іс материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫМ:
________________________________________________________________
(келуден жалтарып жүрген адамды күштеп әкелудің себептері мен мақсаты)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Жоғарыдағылардың негізінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Қазақстан Республикасы кодексі 790-бабының екінші бөлігін басшылыққа
ала отырып,
ҰЙҒАРДЫМ:
1. _____________________________________________________________
(жеке тұлғаның тұратын (тұрғылықты) орны, заңды тұлғаның орналасқан
жері бойынша мекенжайы)
__________________________________________________________ тұратын
(жұмыс істейтін)
_______________________________________________________________
(күштеп әкелуге жататын тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған
жағдайда)
________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы, заңды мекенжайы)
________________________________________________________ ғимаратына
№ _____ кабинетке жергілікті уақыт бойынша ____ сағат ____ минутта
күштеп әкелу қамтамасыз етілсін.
2. Ұйғарымды орындау _____________________________________________
__________________________________________________________________
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшесінің атауы)
______________________________________________________ тапсырылсын.
3. Ұйғарымды шығарған лауазымды тұлға орындалу нәтижесі туралы хабарлансын.
4. Ұйғарымға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағымдануға
болады.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(Ұйғарым шығарған тұлғаның лауазымы,(қолы) (тегі, аты және әкесінің аты
(бар болған жағдайда), арнаулы атағы (бар болған жағдайда)
Мөр орны
Ұйғарыммен таныстым: _____________________________________________
__________________________________________________________________
күштеп әкелуге жататын тұлғаның (тегі, аты және әкесінің аты
(бар болған жағдайда), танысу уақыты және күні)