Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 105 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 маусымда № 13812 болып тіркелді.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 790-бабы екінші бөлігіне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 05.12.2022 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қoca берiлiп отырған Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (бұдан әрі – Ұлттық бюро) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Заң департаментімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін, оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты алған күннен кейін оны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің және Ұлттық бюроның интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері министрі
Т. Донақов

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
министрінің
2016 жылғы 24 мамырдағы
№ 105 бұйрығымен бекітілген

Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 790-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкілін күштеп әкелу тәртібін айқындайды.

      2. Әкімшілік іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкілін (бұдан әрі – әкімшілік іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға) күштеп әкелу "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 785-бабымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті қамтамасыз ету шарасы ретінде қолданылады.

      3. Судьяның, өндірісінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құрылымдық бөлімшесі басшысының немесе оның орынбасарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның орынбасарының (бұдан әрі – күштеп әкелу туралы ұйғарымды шығарған лауазымды тұлға) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйғарымы күштеп әкелуге негіз болады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 08.02.2020 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Күштеп әкелуді жүргізу тәртібі

      4. Әкімшілік іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға судьяның не күштеп әкелу туралы ұйғарымды шығарған лауазымды тұлғаның шақыруы бойынша дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда, соттың немесе өндірісінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бар лауазымды тұлғаның ұйғарымы бойынша күштеп келтіріледі.

      5. Шақыру туралы тиісті түрде хабарланған адамның келмеуінің дәлелді себептері болып танылады: "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) және "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) бұйрықтарына (бұдан әрі – Бұйрықтар) сәйкес медициналық құжаттармен куәландырылған адамның келуіне мүмкіндік бермейтін ауру, жақын туыстарының қазасы және адамды белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен айырған төтенше жағдайлар.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 05.12.2022 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Әкімшілік іс бойынша оған қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға күштеп әкелу туралы ұйғарыммен оның орындалуының алдында таныстырылады, бұл оның қол қоюмен куәландырылады. Күштеп әкелінуге тиіс тұлға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, күштеп әкелуді орындайтын лауазымды тұлға ұйғарымға тиісті жазба жасайды.

      7. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, он сегізге толмаған тұлғалар өздерінің заңды өкілдеріне хабарламай, жүкті әйелдер, сондай-ақ Бұйрықтарға сәйкес медициналық құжаттармен куәландырылуға жататын денсаулық жағдайына байланысты өзі болатын жерді қалдыра алмайтын және қалдыруға тиісті емес, науқастар күштеп әкелуге жатпайды.

      8. Күштеп әкелу жергiлiктi уақыт бойынша сағат 20.00-ден 8.00-ге дейiнгi уақыт аралығында жүргізілмейді.

      9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке келіп түскен күштеп әкелу туралы соттың ұйғарымын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды тұлға немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға тапсырылады.

      10. Күштеп әкелу туралы ұйғарымды алғаннан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды тұлғасы онда көрсетілген күштеп әкелуге жататын адам туралы ақпараттарды (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жылы және орналасқан жері) тексеруді ұйымдастырады және оның нақты тұратын жерін анықтау үшін шаралар қабылдайды. Қажет болған жағдайда, күштеп әкелінуге тиіс тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бар есептері бойынша тексеріледі.

      Егер күштеп әкелу туралы ұйғарымда күштеп әкелінуге тиіс тұлғаны немесе оның болатын орнын нақты анықтауға мүмкіндік беретін жекелеген мәліметтер болмаса және оларды толықтыруға мүмкіндік болмағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ол жөнінде сотқа немесе ұйғарымды шығарған тұлғаға хабарлайды.

      11. Егер күштеп әкелінуге тиіс тұлға басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумағында болған жағдайда, күштеп әкелуді жүзеге асыру тапсырылған лауазымды тұлға сотпен және ұйғарымды шығарған лауазымды тұлғамен келісім бойынша күштеп әкелу туралы ұйғарымды орындау үшін аумақтық қатыстылығы бойынша жіберу туралы шешім қабылдайды.

      12. Күштеп әкелуді жүргізгеннен кейін судья немесе күштеп әкелу туралы ұйғарымды шығарған лауазымды тұлға оның орындалғанын анықтағаны туралы белгі жасайды.

      13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды тұлғасы күштеп әкелу нәтижелері туралы күштеп әкелу туралы қолхатты қоса бере отырып, судьяны не күштеп әкелу туралы ұйғарымды шығарған тұлғаны жазбаша ескертеді. Күштеп әкелуді жүзеге асыруға кедергі келтіретін мән-жайлар бар болған кезде, ескертуге көрсетілген мән-жайларды растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

      Сот не күштеп әкелу туралы ұйғарымды шығарған лауазымды тұлға ұйғарымды шығарған сот не лауазымды тұлға күштеп әкелуді қамтамасыз етуді тапсырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің не оның құрылымдық бөлімшесінің басшысы (орынбасары) хабардар етеді.

      14. Соттың ұйғарымында көрсетілген мерзімде күштеп әкелуді жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ күштеп әкелінуге тиіс тұлға болмаған жағдайда, күштеп әкелуді қамтамасыз ету тапсырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің не оның аумақтық бөлімшесінің басшысы (орынбасары) ұйғарымның орындалуына кедергі келтіретін мән-жайды көрсете отырып, бұл туралы сотты не ұйғарымды шығарған лауазымды тұлғаны дереу хабардар етеді.

  Әкімшілік құқық бұзушылық
істері бойынша сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызметпен
күштеп әкелу қағидаларына
қосымша
  Нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен әкiмшiлiк іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкiлiн күштеп әкелу туралы ҰЙҒАРЫМ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 05.12.2022 № 434 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "__" ___________

      ________________________________________________________________

      (қаланың, ауданның атауы)

      ________________________________________________________________

      (лауазымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшесінің атауы

      ________________________________________________________________

      ұйғарымды шығарған лауазымды тұлғаның арнаулы атағы (бар болған

      жағдайда), тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ________________________________________________________________

      (әкімшілік құқық бұзушылықтың қысқаша мазмұны)

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________ туралы

      20 ___ жылғы "___" _________ № _____ әкімшілік іс материалдарын қарап,

      АНЫҚТАДЫМ:

      ________________________________________________________________

      (келуден жалтарып жүрген адамды күштеп әкелудің себептері мен мақсаты)

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      Жоғарыдағылардың негізінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы

      Қазақстан Республикасы кодексі 790-бабының екінші бөлігін басшылыққа

      ала отырып,

      ҰЙҒАРДЫМ:

      1. _____________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тұратын (тұрғылықты) орны, заңды тұлғаның орналасқан

      жері бойынша мекенжайы)

      __________________________________________________________ тұратын

      (жұмыс істейтін)

      _______________________________________________________________

      (күштеп әкелуге жататын тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған

      жағдайда)

      ________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы, заңды мекенжайы)

      ________________________________________________________ ғимаратына

      № _____ кабинетке жергілікті уақыт бойынша ____ сағат ____ минутта

      күштеп әкелу қамтамасыз етілсін.

      2. Ұйғарымды орындау _____________________________________________

      __________________________________________________________________

      (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бөлімшесінің атауы)

      ______________________________________________________ тапсырылсын.

      3. Ұйғарымды шығарған лауазымды тұлға орындалу нәтижесі туралы хабарлансын.

      4. Ұйғарымға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағымдануға

      болады.

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (Ұйғарым шығарған тұлғаның лауазымы,(қолы) (тегі, аты және әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), арнаулы атағы (бар болған жағдайда)

      Мөр орны

      Ұйғарыммен таныстым: _____________________________________________

      __________________________________________________________________

      күштеп әкелуге жататын тұлғаның (тегі, аты және әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), танысу уақыты және күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады