"Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесі мен оларды жарақтандыру мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 405 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 желтоқсанда № 31039 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесі мен оларды жарақтандыру мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19559 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесін және оларды жарақтандыру мерзімдерін бекіту туралы";

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесі және оларды жарақтандыру мерзімдері бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесі мен оларды жарақтандыру мерзімдерінде:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесі және оларды жарақтандыру мерзімдері";

      1-тарауда:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды өндіру, сондай-ақ шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газ) дайындау";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2-1, 2-2, 2-3, 2-4-жолдармен толықтырылсын:

      "

2-1.

Шикі газды кешенді дайындау қондырғысы

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

2-2.

Шикі газды технологиялық еріксіз жағуға арналған алау қондырғысы

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

2-3.

Шикі газды өзінің технологиялық қажеттіліктеріне пайдалануға арналған қондырғылар

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

2-4.

Шикі газды кері айдау қондырғылары

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-1-жолмен толықтырылсын:

      "

3-1.

Тауарлық газды сақтауға арналған жерасты газ қоймалары

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-1-жолмен толықтырылсын:

      "

5-1.

Тауарлық газды қабылдау-тапсыру (беру) пункттері

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

      ";

      2-тарауда:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) тасымалдау";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-1-жолмен толықтырылсын:

      "

6-1.

Газ құбыры бойынша шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) қабылдау-тапсыру (беру) пункттері

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

      ";

      4-тарауда:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мұнай өңдеу және газ өңдеу зауыттары";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 12-1-жолмен толықтырылсын:

      "

12-1.

Шикі тауарлық газды қабылдау-тапсыру пункттері

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Цифрландыру және ақпараттандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Б. Акчулаков

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 4 ноября 2019 года № 357 "Об утверждении Перечня и сроков оснащения производственных объектов, подлежащих оснащению приборами учета сырой нефти и газового конденсата"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 6 декабря 2022 года № 405. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 декабря 2022 года № 31039

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.01.2024

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 4 ноября 2019 года № 357 "Об утверждении Перечня и сроков оснащения производственных объектов, подлежащих оснащению приборами учета сырой нефти и газового конденсата" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 19559) следующие изменения и дополнения: 

      заголовок изложить в новой редакции:

      "Об утверждении Перечня и сроков оснащения производственных объектов, подлежащих оснащению приборами учета сырой нефти, газового конденсата, сырого газа и продуктов его переработки (товарного газа)";

      преамбулу изложить в новой редакции:

      "В соответствии с пунктом 5 статьи 144 Кодекса Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      пункт 1 изложить в новой редакции:

      "1. Утвердить прилагаемый Перечень и сроки оснащения производственных объектов, подлежащих оснащению приборами учета сырой нефти, газового конденсата, сырого газа и продуктов его переработки (товарного газа).";

      в Перечне и сроках оснащения производственных объектов, подлежащих оснащению приборами учета сырой нефти и газового конденсата, утвержденных указанным приказом:

      заголовок изложить в новой редакции:

      "Перечень и сроки оснащения производственных объектов, подлежащих оснащению приборами учета сырой нефти, газового конденсата, сырого газа и продуктов его переработки (товарного газа)";

      в главе 1:

      заголовок изложить в новой редакции:

      "Глава 1. Добыча сырой нефти, газового конденсата, сырого газа, а также подготовка сырой нефти, газового конденсата, сырого газа и продуктов его переработки (товарного газа)";

      дополнить строками, порядковые номера 2-1, 2-2, 2-3, 2-4, следующего содержания:

      "

2-1.

Установка комплексной подготовки сырого газа

до 1 января 2025 года

2-2.

Факельная установка, предназначенная для технологического неизбежного сжигания сырого газа

до 1 января 2025 года

2-3.

Установки, предназначенные для использования сырого газа на собственные технологические нужды

до 1 января 2025 года

2-4.

Установки обратной закачки сырого газа

до 1 января 2025 года

      ";

      дополнить строкой, порядковый номер 3-1, следующего содержания:

      "

3-1.

Подземные хранилища газа, предназначенные для хранения товарного газа

до 1 января 2025 года

      ";

      дополнить строкой, порядковый номер 5-1, следующего содержания:

      "

5-1.

Пункты приема-сдачи (передачи) товарного газа

до 1 января 2025 года

      ";

      в главе 2:

      заголовок изложить в новой редакции:

      Глава 2. Транспортировка сырой нефти, газового конденсата, сырого газа и продуктов его переработки (товарного газа)";

      дополнить строкой, порядковый номер 6-1, следующего содержания:

      "

6-1.

Пункты приема-сдачи (передачи) сырого газа и продуктов его переработки (товарного газа) по газопроводу

до 1 января 2025 года

      ";

      в главе 4:

      заголовок изложить в новой редакции:

      "Глава 4. Нефтеперерабатывающие и газоперерабатывающие заводы";

      дополнить строкой, порядковый номер 12-1, следующего содержания:

      "

12-1.

Приемо-сдаточные пункты сырого и товарного газа

до 1 января 2025 года

      ".

      2. Департаменту цифровизации и информатизации Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2024 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр энергетики Республики Казахстан Б. Акчулаков

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан