Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесін және оларды жарақтандыру мерзімдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 357 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 6 қарашада № 19559 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.12.2022 № 405 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 06.12.2022 № 405 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесі және оларды жарақтандыру мерзімдері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Энергетика министрінің 06.12.2022 № 405 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министр К. Бозумбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 4 қарашадағы
№ 357 бұйрығымен бекітілген

Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесі және оларды жарақтандыру мерзімдері

      Ескерту. Тізбесі жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 08.04.2021 № 278 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 06.12.2022 № 405 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.


Өндірістік объектілердің тізбесі

Жарақтандыру мерзімдері

1-тарау. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды өндіру, сондай-ақ шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газ) дайындау

1.

Шикі мұнайды дайындау және айдау цехы

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін

2.

Газ конденсатын дайындау және айдау қондырғысы

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін

2-1.

Шикі газды кешенді дайындау қондырғысы

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

2-2.

Шикі газды технологиялық еріксіз жағуға арналған алау қондырғысы

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

2-3.

Шикі газды өзінің технологиялық қажеттіліктеріне пайдалануға арналған қондырғылар

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

2-4.

Шикі газды кері айдау қондырғылары

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

3.

Шикі мұнай мен газ конденсатын сақтауға арналған резервуарлық парктер

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін

3-1.

Тауарлық газды сақтауға арналған жерасты газ қоймалары

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

4.

Құю-төгуге арналған автомобиль, теміржол эстакадалары және құбыр (құю-төгу пункттері)

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

5.

Шикі мұнайды және газ конденсатын қабылдау-тапсыру пункттері (мұнай құбыры арқылы тапсыру)

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

5-1.

Тауарлық газды қабылдау-тапсыру (беру) пункттері

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

2-тарау. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) тасымалдау

6.

Мұнай құбыры арқылы шикі мұнайды және газ конденсатын қабылдау-тапсыру пункттері

2021 жылғы
1 шілдеге дейін

6-1.

Газ құбыры бойынша шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) қабылдау-тапсыру (беру) пункттері

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

7.

Шикі мұнай мен газ конденсатын сақтауға арналған резервуарлық парктер

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін

8.

Құю-төгуге арналған автомобиль, теміржол эстакадалары және құбырлар (құю-төгу пункттері)

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

3-тарау. Мұнай терминалдары

9.

Құю-төгуге арналған автомобиль, теміржол эстакадалары және құбырлар (құю-төгу пункттері)

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

10.

Қабылдау-тапсыру пункттері (мұнай мен газ конденсатын қабылдау, сақтау, тапсыру)

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

11.

Шикі мұнай мен газ конденсатын сақтауға арналған резервуарлық парктер

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін

4-тарау. Мұнай өңдеу және газ өңдеу зауыттары

12.

Қабылдау-тапсыру пункттері (мұнай құбырынан шикі мұнай мен газ конденсатын қабылдау)

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

12-1.

Шикі тауарлық газды қабылдау-тапсыру пункттері

2025 жылғы 1 қаңтарға дейін

13.

Төгуге арналған автомобиль, теміржол эстакадалары және құбыр

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

14.

Шикі мұнай мен газ конденсатын сақтауға арналған резервуарлық парктер

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін

5-тарау. Битум зауыттары

15.

Қабылдау-тапсыру пункттері (мұнай құбырынан шикі мұнай мен газ конденсатын қабылдау)

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

16.

Құю-төгуге арналған автомобиль, теміржол эстакадалары және құбырлар (құю-төгу пункттері)

2021 жылғы 1 шілдеге дейін

17.

Шикі мұнай мен газ конденсатын сақтауға арналған резервуарлық парктер

2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады