БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 332 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23461 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидаларында:
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурстарында жариялауды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Нысан
Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін тексеру туралы куәлік
1. КУӘЛІК/УДОСТОВЕРЕНИЕ №_______
____________________________________________ (оқыту ұйымы/орталығының атауы / наименование учебной организации/центра) |
2. Тұрақты жұмыс істейтін емтихандық комиссияның хаттамасы / | ||
3. КУӘЛІК / УДОСТОВЕРЕНИЕ №_______ |
4. КУӘЛІК / УДОСТОВЕРЕНИЕ №_______ |
1. Куәліктің мұқабасы көк түсті, қатты;
2. Куәлік көлемі - 204 х 65 мм;
3. Фото - 3 х 4;
4. Білімді қайта тексеру туралы қосымша беттер 4 бет.