Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № 332 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 шiлдеде № 23461 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 104) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2021 жылғы 9 шілдедегі
№ 332 бұйрығымен бекітілген

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және білімін тексеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 104) тармақшасына сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және емтихан тапсырудың тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі түсініктер қолданылады:

      1) оқу ұйымы/орталығы (бұдан әрі – оқу ұйымы) – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды жүргізу құқығына "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-бабының талаптарына сәйкес аттестатталған заңды тұлға;

      2) желілік технология – оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушымен және бір-бірімен интерактивті өзара іс-қимыл нысандарын, сонымен қатар Интернет желісін пайдалану негізінде оқу процесін әкімшілендіруді қамтитын технология;

      3) заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның заңды тұлғаның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды орындау құқығын ресми тануы;

      4) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды, басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның ведомствосы - орталық атқарушы органның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты және бақылау, қадағалау функцияларын іске асыруды жүзеге асыратын ведомствосы;

      6) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары – өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген техникалық және (немесе) әлеуметтік сипаттағы арнайы шарттар;

      7) персоналы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша емтихандар тапсыруға жататын заңды тұлға және (немесе) жеке кәсіпкер – қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлауға, қайта даярлауға және емтихандар тапсыруға жататын аттестатталған, ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық немесе өзге де ұйымдар;

      8) емтихан тапсыратын тұлға – өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша емтихан тапсыруға жататын заңды тұлға және (немесе) жеке кәсіпкер персоналы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 14.07.2023 № 382 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      3. Персоналы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша емтихан тапсыруға жататын заңды және (немесе) жеке тұлғалардың техникалық басшылары, мамандары мен жұмыскерлері өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлау, қайта даярлау тәртібі оқытудың үздіксіздігі негізінде белгіленеді, онда оқыту сапасы тестілеу арқылы компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып немесе жазбаша түрде емтихан тапсыратын адамдардың таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тексеріледі.

      4. Даярлау, қайта даярлау оқу жоспарын және бағдарламаларын оқу ұйымдары осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес үлгілік бағдарламаны ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді және осы Қағидалардың 2-қосымшаға (бұдан әрі – Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау оқу жоспары) және 3-қосымшаға (бұдан әрі – Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау бойынша бағдарламасы) сәйкес осы оқу ұйымдарының басшысы бекітеді.

      5. Даярлау, қайта даярлау персоналдың өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білім деңгейін арттыруға, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілерде пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды, жөндеудің түрлі түрлерін және басқа да жұмыстарды жүзеге асыру кезінде қауіпті өндірістік объектілердегі авариялық жағдайлардың туындау қауіп-қатерінің деңгейін төмендетуге бағытталған.

      6. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау және емтихандарды тапсыру мамандықтар бойынша білім мен дағдыларды беруге бағытталмаған. Тиісті мамандықтар бойынша оқытуды мамандандырылған білім беру ұйымдарында жүзеге асырады.

2-тарау. Даярлауды, қайта даярлауды ұйымдастыру тәртібі

      7. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, қауіпті өндірістік объектілерге жұмысқа кіретін, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы техникалық басшылар, мамандар және жұмыскерлер:

      1) қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер – ұзақтығы кемінде он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, жыл сайын;

      2) техникалық басшылар, мамандар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлер – ұзақтығы кемінде қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытыла отырып, үш жылда бір рет даярлауға жатады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында аталған адамдар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік бағдарлама бойынша оқытуды дербес жүзеге асыра алады.

      8. Қауіпті өндірістік объектінің технологиялық процесіне қатысатын, қауiптi өндiрiстiк объектiлерді пайдаланатын, техникалық қызмет көрсетуді, техникалық куәландыруды, монтаждауды және жөндеуді орындайтын, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа тартылатын аттестатталған ұйымдардағы, жобалау ұйымдары мен өзге де ұйымдардағы техникалық басшылар, мамандар және жұмыскерлер он сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқытылып, Заңның 79-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда қайта даярлануға жатады.

      9. Заңды тұлғалар және (немесе) жеке кәсіпкерлер жыл сайын өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау және емтихан тапсыруға жататын кестені жасайды. Оқу және емтихан тапсыру кестесін ұйым басшысы бекітеді.

      Емтихан тапсыруды ұйымдастыруды және өткізуді бекітілген кестеге сәйкес олардың басшылары қамтамасыз етеді. Емтихан тапсыруға жататын адамдар оқу басталғанға дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын кестемен жазбаша түрде таныстырылады. Емтихан тапсыру оқу аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

      Жұмысқа жаңадан қабылданғандар, лауазымға тағайындалған күннен бастап бір айдан кешіктірмей өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлаудан, қайта даярлаудан және емтихан тапсырудан өтеді.

      10. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау және емтихан тапсыруды оқу ұйымы күндізгі немесе қашықтықтан оқыту формасында жүргізеді.

      11. Оқу, оқу ұйымының базасында, арнайы жабдықталған сыныптарда жүргізіледі.

      12. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлауды, қайта даярлауды және емтихан тапсыруды өткізу үшін оқу ұйымында, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлау және қайта даярлаудың өнімді және қауіпсіз процесін қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықтармен, құрылғылармен және материалдармен жабдықталған оқу сыныптарын (меншікті немесе жалға алынған) жасайды.

      13. Өндірістік қауіпсіздік саласында даярлау, қайта даярлау блогын, тақырыптарын меңгеруді қамтамасыз ету үшін оқу ұйымы оқу-әдістемелік базасын (меншікті немесе жалға алынған) әзірлейді, ол өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы даярлау, қайта даярлау мақсаттарын жүзеге асыруға көмектеседі.

      Оқу-әдістемелік база мыналарды қамтиды:

      1) оқу тақырыптары бойынша көрнекі құралдар;

      2) техникалық құралдар;

      3) оқыту және емтихан тапсыру компьютерлік бағдарламалары;

      4) емтихан тесттері, емтихан тапсырушыларға арналған сауалнамалар;

      5) әдістемелік құралдар және нормативтік құжаттар базасы.

      Оқу ұйымы оқу-әдістемелік база элементтерінің аталған тізбесін толықтыра алады.

      14. Қашықтықтан оқытуды оқу ұйымы осы Қағидаларда белгіленген барлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, ақпараттық платформаның "on-line" режиміндегі желілік технология арқылы ұсынады. Мұндай жағдайларда емтихан тапсыру осы Қағидаларда белгіленген барлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен қашықтықтан жүргізіледі.

      Қашықтықтан оқыту нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу орталығында Интернет желісі арқылы "on-line" режимінде (бейнеконференция) оқыту жүргізу мүмкіндігі бар мультимедиялық сыныптардың болуы қажет.

      Персоналы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша емтихан тапсыруға жататын заңды тұлғалар және (немесе) жеке кәсіпкерлердің оқу ұйымының ақпараттық платформасы мынадай параметрлерге сәйкес келеді:

      1) кемінде 480 p (прогрессивті жаймалау) ажыратымдылық параметрлері бар HQ (жоғары сапалы) сапалы сурет;

      2) дыбыс сапасы 160 кбит/с кем емес;

      3) оқуға қатысушылардың арасында бейнесі бар екі жақты байланыс орнату.

      15. Тестілеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мынадай параметрлерге сәйкес келеді:

      1) емтихан тапсыруға тестке қолжетімділік емтихан тапсырушының жеке деректері мен жеке нөмірі енгізгеннен кейін ашылады;

      2) тест сұрақтарын көп нұсқалы етіп ұсыну функциясы орнатылған (мерзімді араластыру);

      3) тест сұрақтарының бір тест аясында қайталануына жол берілмейді;

      4) осы Қағидалардың 2-тарауының 19-тармағына сәйкес уақыт шектеуі бар таймер орнатылады;

      5) тестілеу уақыты аяқталғаннан кейін "тапсырды"/"тапсырған жоқ" деген тестілеу нәтижесін көрсете отырып бағдарламамен жасалған хаттама шығару функциясы.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 17.06.2024 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Даярлау, қайта даярлау заңды тұлғалар және (немесе) жеке кәсіпкерлер қызметінің ерекшелігін ескере отырып, даярлау бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

      17. Даярлау және қайта даярлау бағдарламасы шеңберінде қаралатын тақырыптар өнеркәсіп саласын ескере отырып әзірленеді және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына негізделеді.

      18. Даярлау және қайта даярлау бағдарламаларында дәрістер, демонстрациялық материалдар бар, сондай-ақ тренингтер, тақырыптық ойындар түріндегі практикалық жаттығулар жүргізу және тренажерларда дағдыларды үйрену (қажет болған жағдайда) мүмкіндіктерін қамтиды.

      Практикалық оқыту оқу орнының өндірістік базасында немесе келісім негізінде тиісті өндірістік базасы бар ұйымда жүзеге асырылады.

      Практикалық сабақтар бағдарлама тақырыптарын зерделеу кезінде алынған білімді есте сақтауға, білім мен практикалық дағдыларды жалпылауға және жетілдіруге, өндірістік процестермен, технологиямен, еңбекті ұйымдастырумен тікелей танысуға бағытталған.

      Даярлау және қайта даярлау (оқыту):

      1) Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау оқу жоспары;

      2) Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау бойынша бағдарламалардан тұрады.

      19. Емтихан өткізу үшін (күндізгі/қашықтықтан) емтихан сұрақтарын оқу ұйымы әзірлейді және басшысы бекітеді. Тест сұрақтарының саны қырық сағаттық бағдарлама бойынша емтихан тапсыру үшін кемінде жүз және он сағаттық бағдарламада емтихан тапсыру үшін кемінде алпыс болады. Бір тест сұрағының жауап нұсқаларының саны кемінде төрт және алтыдан көп болмайды, оның біреуі дұрыс болады. Тест сұрақтары жылына бір рет жалпы сұрақтар санының кемінде 10 (он) пайызына жаңартылады. Тест тапсырмасын орындау уақыты қырық сағаттық бағдарлама бойынша емтихан тапсыру үшін жүз жиырма минутты және он сағаттық бағдарлама бойынша емтихан тапсыру үшін тоқсан минутты құрайды.

      Тестілеу түрінде емтихандарды жазбаша тапсыру кезінде берілген сәйкестендіру нөмірлері бар емтихан жұмыстары жұмыстың авторын көрсететін шартты белгілерге жол берілмейтін парақтарда орындалады. Емтихан аяқталғаннан кейін барлық жазбаша емтихан жұмыстары тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссия (бұдан әрі – ТЖЕК) мүшелеріне тапсырылады. Жазбаша емтихан жұмыстарын ТЖЕК мүшелері емтихан күні тексереді.

      20. Емтихан тапсыруы үшін оқу ұйымының бұйрығымен осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында көзделген мамандардан тұратын құрамында кемінде 3 (үш) адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады.

      ТЖЕК жұмысы туралы ережені оқу ұйымы әзірлейді және басшысы бекітеді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 17.06.2024 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Күндізгі және қашықтықтан емтихан тапсыру кезінде емтихан тапсырушы адамдарға басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз және электрондық тасығыштардағы ақпарат пен байланыс құралдарын пайдалануға, ғимараттан шығуға рұқсат берілмейді.

      22. Дұрыс жауаптардың шекті деңгейі тапсырмадағы сұрақтардың жалпы санының 70 (жетпіс) пайызын және одан астамын құрайды, осы деңгейге жеткен жағдайда емтихан тапсырылған болып есептеледі. Емтихан нәтижелері белгіленген шекті деңгейден төмен болған жағдайда, емтихан тапсырылмаған болып есептеледі.

      23. Емтихан тапсыру қорытындылары емтихан тапсыратын адамға сұрақтар бойынша дұрыс жауаптардың санын және әрбір сұрақ бойынша жауаптардың нақты нәтижелерін көрсете отырып, емтихан өтетін күні беріледі.

      24. Емтихан нәтижесі осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес келетін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында екі данада хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға емтихан комиссиясының төрағасы немесе оны ауыстырушы тұлға және барлық ТЖЕК мүшелері емтихан тапсырған күні қол қояды. Хаттаманың бір данасы білім алушының жұмыс орны бойынша ұйымға жіберіледі және кезекті емтихан тапсырғанға дейін сақталады, екінші данасы мен емтихан нәтижелерінің көшірмесі оқу ұйымында сақталады. Хаттаманың сақтау мерзімі он сағаттық бағдарлама бойынша білім алушыға кемінде 1 (бір) жылды құрайды, қырық сағаттық бағдарлама бойынша білім алушыға сақтау мерзімі кемінде 3 (үш) жылды құрайды.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 17.06.2024 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Емтихан тапсыру нәтижесі оң болған жағдайда оқу ұйымы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес келетін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктермей куәлік ресімдейді.

      Куәлікке ТЖЕК төрағасы немесе оны ауыстырушы тұлға қол қояды. Қағаз тасығышта ресімделген куәлік, оқу ұйымының мөрімен куәландырылады. Куәлік Қазақстан Республикасының аумағында онда көрсетілген мерзім ішінде қолданылады.

      Электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанындағы куәлікті пайдаланатын ұйымдар оқытудан және білімді тексеруден өткені туралы ақпаратты қамтитын автоматтандырылған ақпараттық жүйені (деректер базасын) жүргізеді.

      Ескертпе: Емтихан тапсыру жөніндегі хаттама мен куәліктің нысандары, сондай-ақ, басшылар мен ТЖЕК мүшелерін қоспағанда, өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың мамандары, жұмыскерлері үшін де ресімделеді.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 17.06.2024 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      26. Куәлік белгіленген нысандағы беттер аяқталғанға дейін пайдаланылады және куәлік иесі жұмыс орнын ауыстырған жағдайда ауыстырылуы тиіс.

      27. Емтиханнан өте алмаған адамдар емтиханды қайта тапсыруға тиіс. Емтиханды қайта тапсыру емтиханды тапсырған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі.

      28. Емтихан тапсырмаған адамдар оны қайта тапсырғанға дейін жұмысқа жіберілмейді.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 17.06.2024 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Оқу ұйымы емтиханды қайта тапсырмаған емтихан тапсырушы адамдар туралы ақпаратты емтихан нәтижелерін қоса бере отырып, персоналы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша емтиханнан құлаған заңды тұлғалар және (немесе) жеке кәсіпкерлердің басшысына 5 (бес) күнтізбелік күннен кешіктермей жібереді.

      30. Егер емтихан тапсырушылар емтихан нәтижелерімен келіспеген жағдайда, онда емтихан тапсырған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде емтихан тапсырушылар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тестілеу мен емтиханды қабылдаған оқу ұйымына апелляцияға өтініш беру арқылы алынған нәтижелерге шағымдануға құқықты.

      31. Апелляцияға өтінішті қарау үшін оқу ұйымы басшысының бұйрығымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы емтихан мен тестілеудің нәтижелері бойынша кемінде 3 (үш) адамнан тұратын апелляциялық комиссияның құрамы және ережесі бекітіледі.

      Апелляциялық комиссия туралы ереже комиссия мүшелерінің өкілеттіктеріне, олардың құқықтары және міндеттеріне, қарау рәсіміне, құжаттамалық ресімделуіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ тараптардың мүдделер қақтығысын болдырмауға қойылатын талаптарды көздейді.

      32. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия өтініш түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Оқу ұйымы өтініш келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге апелляциялық комиссия отырысының күні туралы хабарлайды.

      33. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау қорытындысы бойынша осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі дана апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді.

      Апелляциялық комиссия отырысы хаттамасының бір данасы апелляциялық комиссия отырысы өткізілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтініш берушіге жіберіледі, екінші данасы және емтихан нәтижелерінің көшірмесі оқу ұйымында сақталады. Апелляциялық комиссия отырысы хаттамасының сақтау мерзімі он сағаттық бағдарлама бойынша білім алушыға кемінде 1 (бір) жылды құрайды, қырық сағаттық бағдарлама бойынша білім алушыға сақтау мерзімі кемінде 3 (үш) жылды құрайды.

  Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы мамандарды,
жұмыскерлерді даярлау, қайта
даярлау және білімін тексеру
қағидаларына
1-қосымша

Үлгілік бағдарлама

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 17.06.2024 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Бекітілді Даярлау, қайта даярлау
жөніндегі ұйымның басшысы
20__ жылғы "__" ________
№ _____

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау оқу жоспары

      Мақсаты: Қауіпсіздік ережелерін бұзу авариялық немесе жарақаттануға әкелгеніне немесе әкелмегеніне қарамастан, қауіпті өндірістік объектілердің техникалық басшыларына, мамандары мен инженерлік-техникалық жұмыскерлеріне қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін жауапты екенін жеткізу Қауіпті өндірістік нысандардағы авариялардың, жарақаттанудың және жұмыс жүргізу технологиясының бұзылуының, төтенше жағдайлардың алдын алу.

      Тыңдаушылар санаты: Қауіпті өндірістік объектілердің, аттестатталған; ғылыми-зерттеу; жобалау-конструкторлық және қауіпті өндірістік объектілерінде жұмыс істеуге тартылатын өзге де ұйымдардың техникалық басшылары, мамандары және жұмыскерлері, сондай-ақ оқу ұйымдарының тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелері.

      Дайындау мерзімі: кемінде қырық/он сағат.

      Оқыту түрі: күндізгі/қашықтықтан.

      Сабақ режимі: _______ бастап _______ дейін.

№ р.с.

Модульдердің, тақырыптардың атауы1)

1-Модуль.

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы мәселелері

1-тақырып

"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

2-модуль

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-техникалық реттеу

3-модуль

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды орындамауға жауапкершілік

4-модуль

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету

1-тақырып

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша қауіпті өндірістік объектілер және өзге ұйымдардың техникалық басшыларын,
мамандарын, жұмыскерлерін даярлау және қайта даярлау тәртібі

2-тақырып

Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар және жазатайым оқиғалар себебін тексеру тәртібі

3-тақырып

Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу және есептен шығару

4-тақырып

Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін міндетті декларациялау

5-тақырып

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындауды өндірістік бақылау

6-тақырып

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамасы

7-тақырып

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ұйымның міндеттері

5-модуль

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы арнайы Қағидалар және талаптар2)

1-тақырып

Компрессорлық станцияларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

2-тақырып

Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

3-тақырып

Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

4-тақырып

Газдарды дайындау және қайта өңдеу жөніндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

5-тақырып

Теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

6-тақырып

Өнеркәсіптің мұнай және газ салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

7-тақырып

Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

8-тақырып

Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

9-тақырып

Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

10-тақырып

Қауіпті өндірістік объектілердің қалдық және қоқыр шаруашылықтары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

11-тақырып

Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

12-тақырып

Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізіндегі қорытпаларды өндіру жөніндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

13-тақырып

Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

14-тақырып

Өсімдік шикізатын сақтауға және өңдеуге арналған қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары

15-тақырып

Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

16-тақырып

Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы, мұнай базалары және жанармай бекеттеріндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

17-тақырып

Бериллийді, оның қосындыларын және олардан жасалған бұйымдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

18-тақырып

Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

19-тақырып

Фторсутекті қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

20-тақырып

Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

21-тақырып

Газбен жабдықтау жүйесінің объектілеріне қойылатын қауіпсіздік талаптары

22-тақырып

Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

23-тақырып

Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулығы

1) Тақырыптар персоналы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлануға, қайта даярлануға және емтихандар тапсыруға жататын заңды тұлғалар және (немесе) жеке кәсіпкеолер қызметінің бағыттары ескеріле отырып, бөлінуі, қайта топтастырылуы және толықтырылуы мүмкін.
2) Қағидалар мен талаптардың тізбесін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау және қайта даярлау кезінде білім беру ұйымы жаңартады және жеке құрамы өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлауға, қайта даярлауға және емтихан тапсыруға жататын заңды тұлғалар және (немесе) жеке кәсіпкерлердің қызмет бағыттарына байланысты оқу жоспарына енгізіледі.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау бойынша бағдарламасы

      1-модуль. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы мәселелері

      1-тақырып. "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қолданылатын негізгі терминдер және ұғымдар. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу. Авариялық-құтқару қызметтері және құралымдары. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі азаматтық қорғау іс-шаралары. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау.

      2-модуль. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-техникалық реттеу

      1-тақырып. Техникалық реттеу туралы заңнама. Техникалық реттеу объектілері. Техникалық регламент түсінігі. Жалпы және арнайы техникалық регламенттер. Ұлттық стандарттар және стандарттау жөніндегі өзге құжаттар. Сәйкестікті бағалаудың формалары және әдістері. Техникалық регламенттерді әзірлеу, сәйкестендіру және қабылдау тәртібі

      3-модуль. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарды орындамауға жауапкершілік

      1-тақырып. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау тәртібі

      4-модуль. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету

      1-тақырып. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша қауіпті өндірістік объектілер мен өзге ұйымдардың техникалық басшыларын, мамандарын, жұмыскерлерін даярлау және қайта даярлау және емтихан тапсыру тәртібі

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау және емтихан тапсыру мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер.

      Өзге ұйымдардың техникалық басшыларын, мамандарын, жұмыскерлерін оқыту және білімін тексеру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы даярлау, қайта даярлауды жүзеге асыратын ұйымдарға қойылатын талаптар.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандарды, жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды жүргізу құқығына ие аттестатталған ұйымдарда емтихан тапсыруды ұйымдастыру және жүргізу.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша емтихан тапсыру нәтижелерін ресімдеу.

      2-тақырып. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен жазатайым оқиғалардың себептерін тексеру тәртібі

      Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар мен жазатайым оқиғалардың себептерін тексеру тәртібі.

      Авариялар, жазатайым оқиғалар, оқыс оқиғалар және жарылғыш материалдардың жоғалуы туралы ақпаратты ұсыну, тіркеу және талдау тәртібі.

      Авариялар мен жазатайым оқиғалардың себептерін анықтау.

      Авариялардың себептерін техникалық тексерудің құқықтық негіздері.

      Авариялар мен жазатайым оқиғалардың себептерін тексеру тәртібін регламенттейтін нормативтік құжаттар. Авариялар себептерін тексеру жүргізу тәртібі және авариялар себептерін тексеру актісін ресімдеу.

      3-тақырып. Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу және есептен шығару

      Қауіпті өндірістік объектілер. Қауіпті техникалық құрылғылар. Қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалануды қадағалау функциясын жүзеге асыратын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде немесе жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде қауіпті техникалық құрылғыны есепке алу және есептен шығару рәсімі.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің қауіпті техникалық құрылғыларын тасымалдау туралы хабарлама.

      Қауіпті өндірістік объектілердің белгілері.

      Қауіпті өндірістік объектілерді Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сай сәйкестендіру. Ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өндірістік объектінің қауіптілігін сәйкестендіру нәтижелері бойынша ақпарат беруі.

      4-тақырып. Қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялауы

      Қауіпсіздікті декларациялаудың нормативтік-құқықтық негізі.

      Қауіп және тәуекелдерді талдау бойынша негізгі нормативтік және әдістемелік құжаттар.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялаудың принциптері және мақсаттары. Өнеркәсіптік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу тәртібі. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялаудың құрылымы.

      Қауіп және тәуекелдерді бағалауды жүргізу.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің декларациясын әзірлеу және сараптама жүргізу тәртібі.

      Тіркеу рәсімінен өту үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға өнеркәсіптік қауіпсіздіктің декларациясын ұсынуға қойылатын талаптар.

      Қауіпті өндірістік объектілердің қаупінің жалпы деңгейі.

      5-тақырып. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын өндірістік бақылау

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын өндірістік бақылаудың құқықтық негіздері.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібі. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын жауапты жұмыскердің міндеттері және құқығы. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын орындауды тексеру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру. Өндірістік бақылау қызметтерінің азаматтық қорғау органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

      6-тақырып. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамасы

      Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамасын жүргізу тәртібі. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сараптамасының объектілері.

      Сараптамалық ұйымдарды аттестаттау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға аттестатталған заңды тұлғаларға қойылатын талаптар.

      7-тақырып. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұйымның міндеттері

      Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын регламенттейтін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер.

      Қауіпті өндірістік объектілерді жобалауға және пайдалануға қабылдауға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары.

      Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның міндеттері. Қауіпті өндірістік объектінің жұмыскерлерінің міндеттері.

      Қауіпті өндірістік объектідегі аварияның зардаптарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-қимылдарға әзірлік жөніндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары.

      5-модуль. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қағидалар және талаптар

      1-тақырып. Компрессорлық станцияларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      2-тақырып. Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары жүк көтергіш механизмдерді жөндеуді, қайта құруды, жаңғыртуды және пайдалануды, жүктер мен адамдардың орын ауыстыруын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      3-тақырып. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      4-тақырып. Газдарды дайындау және қайта өңдеу жөніндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары газдарды дайындау және қайта өңдеу жөніндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      5-тақырып. Теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      6-тақырып. Өнеркәсіптің мұнай және газ салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары өнеркәсіптің мұнай және газ салаларының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      7-тақырып. Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары магистральдық құбырларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      8-тақырып. Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, жаңғырту, консервациялау және жою кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      9-тақырып. Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілерін жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, жаңғырту, консервациялау және жою кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      10-тақырып. Қауіпті өндірістік объектілердің қалдық және қоқыр шаруашылықтары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары Қазақстан Республикасының аумағындағы қалдық және қоқыр шаруашылықтарының қауіпті өндірістік объектілерін жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, жаңғырту, консервациялау және жою кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      11-тақырып. Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары кесектеу (агломерациялау, брикеттеу, түйіршіктеу), байыту, ұсақтау және жылжымалы ұнтақтау-сұрыптау және құрастырмалы-ағытпалы ұнтақтау-сұрыптау және байыту қондырғыларын пайдалану жөніндегі қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, жаңғырту, консервациялау және жою кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      12-тақырып. Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізіндегі қорытпаларды өндіру жөніндегі қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізіндегі қорытпаларды өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      13-тақырып. Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      14-тақырып. Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеуге арналған қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары тамақ өнеркәсібі саласындағы өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеуге арналған қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      15-тақырып. Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары жарылыс жұмыстарын және жарылғыш материалдармен жұмыс жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      16-тақырып. Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және жанармай бекеттері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және жанармай бекеттері үшін жобалау, салу, пайдалану, кеңейту, қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру, консервациялау және жою кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      17-тақырып. Бериллийді, оның қосындыларын және олардан жасалған бұйымдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары бериллийді, оның қосындыларын және олардан жасалған бұйымдарды өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      18-тақырып. Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды, олар иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде жеке жылдық тиімді дозаны 10 микроЗиверттен артық; терідегі жеке жылдық баламалы дозаны 50 миллиЗиверттен артық және көз бұршағында 15 мЗв артық; ұжымдық тиімді жылдық дозаны 1 адам-Зиверттен артық құрауы мүмкін*

      19-тақырып. Фторсутекті қышқылды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары фторсутекті қышқылды өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      20-тақырып. Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету тәртібін айқындайды*

      21-тақырып. Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптар газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану, ерекше табиғи және климаттық жағдайларда газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану кезіндегі газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды, жылу электр станциялары және қазандықтардың газ тарату жүйесі мен газ тұтыну объектілерін пайдалану кезіндегі жарылыс қауіпсіздігіне қойлатын талаптарды айқындайды, олар газ-қауіпті жұмыстар мен аварияларды оқшаулау және жою кезінде бу өнімділігі 35 т/сағ және одан жоғары қазандық қондырғыларына және жылу өнімділігі 50 Гкал/сағ және одан жоғары су жылыту қазандық қондырғыларына қолданылады*

      22-тақырып. Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары әзірленген және мұнай мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуарларды пайдалану және жөндеуге қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік тәртібін айқындайды*

      23-тақырып. Технологиялық құбыржолдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық 0,001 Мегапаскаль (шаршы сантиметрге 0,01 килограмм күш) қалдық қысымнан (вакуумнан) 20 Мегапаскаль (шаршы сантиметрге 3200 килограмм күш) шартты қысымға дейін және минус 196 градус Цельсийден 700 градус Цельсийге дейінгі диапазонда жұмыс температурасынан газ тәрізді, бу тәрізді және сұйық ортаны тасымалдауға арналған технологиялық құбыржолдарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету тәртібін нақтылайды*

      * тақырыптар даярлықтан, қайта даярлықтан өтетін техникалық басшылар, мамандар дәне жұмыскерлердің нақты санаттарының қызмет бағытын ескере отырып ашылады.

  Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы мамандарды,
жұмыскерлерді даярлау, қайта
даярлау және білімін тексеру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау оқу жоспары

  Бекітілді Даярлау, қайта даярлау
жөніндегі ұйымның басшысы
20__ жылғы "___" ___________
№ ______

      Оқу жоспары ____________________________________________________________

      (бағдарламаның, бөлімнің атауы)

      Мақсаты __________________________________________________________

      Тыңдаушылар санаты _______________________________________________

      Дайындық мерзімі ________________________________________________

      Оқыту түрі _________________________________________________________

      Сабақ режимі ______________________________________________________

№ р.с.

Бөлімдердің, пәндер мен тақырыптардың атауы

Барлық сағат

Оның ішінде

Бақылау түрі

Теориялық сабақтар

Семинарлар, көшпелі сабақтар, іскерлік ойындар және т. б.

Практикалық сабақтар

1







2







3







4







...







Барлығы:






  Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы мамандарды,
жұмыскерлерді даярлау, қайта
даярлау және білімін тексеру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Бекітілді Даярлау,
қайта даярлау жөніндегі
ұйымның басшысы

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау, қайта даярлау бойынша бағдарламасы

      ___________________________________________________________

      (даярлау, қайта даярлау жөніндегі ұйымның атауы)

      Курстың немесе пәннің бағдарламасы ___________________________________________________________

      (атауы)

      1. Кіріспе

      2. 1-бөлім (оқу материалын баяндаудың мазмұны және жүйелілігі)

      3. 1-тақырып

      4. 2-тақырып

      5. 3-тақырып

      ….

      6. Курсты немесе пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар

      7. Әдебиеттер тізімі

  Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы мамандарды,
жұмыскерлерді даярлау, қайта
даярлау және білімін тексеру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

№ _____ХАТТАМА _____________________________________________ заңды немесе жеке тұлғаның атауы

      20___ жылғы "___" ______________

      Комиссия құрамы:

      Төраға: _____________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Комиссия мүшелері: ________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының заңдарында және нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша білімі тексерілді*:________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

№ р./с.

Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Лауазымы

Білімі

Комиссия қорытындысы (тапсырды, тапсырған жоқ)

1.





2.





3.





      Комиссия төрағасы: ______________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      Комиссия мүшелері: _____________________________________________ (комиссияның әр мүшесінің қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      *Хаттамада оқытатын ұйымның ерекшелігі мен салалық тиістілігі және осы хаттамаға енгізілген мамандықтардың барлық түрлері ескеріле отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін көрсететін барлық заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің тізімі келтірілген.

  Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы мамандарды,
жұмыскерлерді даярлау, қайта
даярлау және білімін тексеру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша білімін тексеру туралы куәлік

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 17.06.2024 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. КУӘЛІК/УДОСТОВЕРЕНИЕ №____
Берілді / Выдано _________________________________
(Т.А.Ә (ол болған жағдайда) / Ф.И.О. (при его наличии))
_________________________________________
(жұмыс орны / место работы)
_________________________________________
(лауазымы / должность)



м.ф.

Ол / он (она) 20_____ж (г). "___" ________
Курсын тыңдады/прослушал (ла) курс
________________________________
________________________________
________________________________

 
_________________________________________
(оқыту ұйымы/орталығының атауы / наименование учебной организации/центра)

2. Тұрақты жұмыс істейтін емтихандық комиссияның хаттамасы /
Протокол постоянно действующей экзаменационной комиссии
№_________
"_____" ________20____ж (г).
Действительно до
20_____ж (г) "___"_____________ дейін жарамды
Комиссия төрағасы /
Председатель комиссии ________ (м.о. / м.п. (қолы/подпись)

3. КУӘЛІК / УДОСТОВЕРЕНИЕ №_____
_________________________________________
(жұмыс орны / место работы)
________________________________________
(лауазымы / должность)
Біліміне қайта тексеру жүргізілді /
Повторная проверка знаний проведена
№___ Хаттама/Протокол (от) 20__ж (г) "___" ____
Действительно до
20_____ж (г) "___"________ дейін жарамды
_______________________________________
(оқыту ұйымы/орталығының атауы / наименование учебной организации/центра)
Комиссия төрағасы /
Председатель комиссии _______________
(м.о./м.п.) (қолы/подпись)

4. КУӘЛІК / УДОСТОВЕРЕНИЕ №____
_____________________________________
( жұмыс орны / место работы)
_____________________________________
(лауазымы / должность)
Біліміне қайта тексеру жүргізілді /
Повторная проверка знаний проведена
№___ Хаттама / Протокол (от) 20__ж (г) "___" ____
Действительно до
20____ж (г) "___"______ дейін жарамды
______________________________________
(оқыту ұйымы/орталығының атауы / наименование учебной организации/центра)
Комиссия төрағасы /
Председатель комиссии _____________
(м.о./м.п.) қолы/подпись)

      Қағаз жеткізгіштегі куәліктерге қойылатын талаптар:

      1. Куәліктің мұқабасы көк түсті, қатты;

      2. Куәлік көлемі - 204 х 65 мм;

      3. Фото - 3 х 4;

      4. Білімді қайта тексеру туралы қосымша беттер 4 бет.

      Электрондық куәліктерге қойылатын талаптар:

      Куәлік статикалық QR коды арқылы лезде қол жеткізуге арналған жүйесі бар цифрлық ID карта түрінде ресімделеді;

      ID картаның алдыңғы бөлігінде картаның нөмірі, емтихан тапсырған маманның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және фотосуреті көрсетіледі;

      Электрондық куәлікте мынадай ақпараттар болады: ID картаның нөмірі, емтихан тапсырған маманның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) және фотосуреті, тұрақты жұмыс істейтін емтихандық комиссияның хаттамасы мен куәлігінің нөмірі, жұмыс орны, лауазымы, куәліктің қолдану мерзімі, оқудан өткен оқу ұйымының немесе орталықтың атауы, өткен курстың атауы, курстан өту кезеңі және комиссия төрағасының цифрлық қолы.

  Өнеркәсіптік қауіпсіздік
саласындағы мамандарды,
жұмыскерлерді даярлау, қайта
даярлау және білімін тексеру
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасы

      20__ жылғы "__" ________ № ____ _________ қаласы

      Апелляциялық комиссия _________________________________________

      (оқу орталығының/ұйымның атауы)

      өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы емтихандарды (компьютерлік бағдарламаны қолдана отырып немесе жазбаша нысанда тестілеу) тапсыру құрамы: ____________________________

      (комиссия құрамы)

      өтініш бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы емтихандарды тапсыру нәтижелері бойынша материалдарды

      қарап: _______________ __________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы, жұмыс орны (ұйымның толық атауы))

      20___ жылғы "__" ________ өткен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білімдерін тексеру.

      Апелляциялық комиссия ________________________ шешім қабылдады.

      (таңдау: қанағаттандыру/қанағаттандырусыз қалдыру)

      _____________            ____________________________________

      қолы                  тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      _____________            ____________________________________

      қолы                  тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      _______________            ____________________________________

      қолы            .(м.о.) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады