"Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 467 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1353 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 желтоқсанда № 31516 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 467 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27936 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрық 2022 жылғы 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс және 2023 жылғы 31 желтоқсаннан бастап өз қолданысын тоқтатады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімінде:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Пилоттық жобаны жүргізу мерзімі 2022 жылғы 16 мамырдан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін айқындалсын.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 4 мая 2022 года № 467 "Об утверждении Правил и срока реализации пилотного проекта по передаче банками второго уровня сведений о денежных расчетах, осуществляемых при реализации товаров, выполнении работ и оказании услуг в органы государственных доходов"

Приказ и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 2022 года № 1353. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 декабря 2022 года № 31516

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра финансов Республики Казахстан от 4 мая 2022 года № 467 "Об утверждении Правил и срока реализации пилотного проекта по передаче банками второго уровня сведений о денежных расчетах, осуществляемых при реализации товаров, выполнении работ и оказании услуг в органы государственных доходов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 27936) следующие изменения:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Настоящий приказ вводится в действие с 16 мая 2022 года и подлежит официальному опубликованию и прекращает свое действие с 31 декабря 2023 года.";

      в Правилах и сроке реализации пилотного проекта по передаче банками второго уровня сведений о денежных расчетах, осуществляемых при реализации товаров, выполнении работ и оказании услуг в органы государственных доходов, утвержденных указанным приказом:

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Срок проведения Пилотного проекта определить с 16 мая 2022 года до 31 декабря 2023 года.".

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
Министра финансов
Республики Казахстан
Е. Биржанов