БҰЙЫРАМЫН:
1. "Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 467 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27936 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрық 2022 жылғы 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс және 2023 жылғы 31 желтоқсаннан бастап өз қолданысын тоқтатады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімінде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Пилоттық жобаны жүргізу мерзімі 2022 жылғы 16 мамырдан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін айқындалсын.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Биржанов |