Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 29 наурыздағы № 247/30-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1170 болып тіркелген) шешімі;
2) "Астана қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 247/30-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 433/55-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1248 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатның хатшысы |
Е. Каналимов |