Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 25 мамырдағы № 179/25-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 мамырда № 28286 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 29 наурыздағы № 247/30-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1170 болып тіркелген) шешімі;

      2) "Астана қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 247/30-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 433/55-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1248 болып тіркелген) шешімі.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатның хатшысы
Е. Каналимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады