"Астана қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 247/30-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 433/55-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 қазанда № 1248 болып тіркелді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 25 мамырдағы № 179/25-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 25.05.2022 № 179/25-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр–Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 247/30-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1170 тіркелген, 2018 жылдың 24 сәуірінде "Aстана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын";

      "Астана қаласы мәслихатының шешімімен бекітілді" деген сөз "Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімімен бекітілді" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Астана қаласы мәслихатының Аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіндегі: "Астана" деген сөз барлық мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Қ. Таукен
      Нұр-Сұлтан қаласы
      маслихатының хатшысы Ж. Нурпейісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады