Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік қуәлігін беру және оны сипаттау қағидасын бекіту туралы" 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 100/14-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1090 болып тіркелген) шешімі;
2) "Астана қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік қуәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 100/14-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 434/55-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1249 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатның хатшысы | Е. Каналимов |