"Астана қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 100/14-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 434/55-VI шешімі. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 қазанда № 1249 болып тіркелді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2022 жылғы 25 мамырдағы № 180/25-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 25.05.2022 № 180/25-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр–Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 100/14-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1223 тіркелген, 2016 жылдың 4 ақпанында "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің атауында және "Астана қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы бүкіл мәтін бойынша "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "Астана қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" барлық мәтін бойынша "бас маманға", "бас маманның", "бас маманмен", "бас маман" деген сөздер "бас инспекторға", "бас инспектордың", "бас инспектормен", "бас инспектор" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Қ. Таукен
      Нұр-Сұлтан қаласы
      маслихатының хатшысы Ж. Нурпейісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады