Аршалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 маусымдағы № А-275 "Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 6 қаңтардағы № А-02 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қаңтарда № 26499 болып тіркелді

      Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аршалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № А-275 "Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5436 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Аршалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы ауданының әкімі А.Байманов

  Аршалы ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 6 қаңтардағы
№ А-02 қаулысына
қосымша
  Аршалы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 6 маусымдағы
№ А-275 қаулысына
қосымша

Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар

№ р/т

Өлшемшарттар

Иеліктен
айыру түрі

1

Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса

Аукцион түріндегі жекешелендіру

2

Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса (қызмет түрін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, еңбек ақы бойынша берешекті өтеу және басқа шарттар)

Тікелей атаулы сату

3

Коммуналдық мүлікті сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу) белгілеу қажеттілігі

Тендер түріндегі жекешелендіру


О внесении изменения в постановление акимата Аршалынского района от 06 июня 2016 года № А-275 "Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества"

Постановление акимата Аршалынского района Акмолинской области от 6 января 2022 года № А-02. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 января 2022 года № 26499

      Акимат Аршалынского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Аршалынского района от 6 июня 2016 года № А-275 "Об определении критериев по выбору видов отчуждения районного коммунального имущества" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных актов правовых актов № 5436) следующее изменение:

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции, согласно приложению, к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Аршалынского района .

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Аршалынского района А.Байманов

  Приложение
к постановлению акимата
Аршалынского района
от 6 января 2022 года
№ А-02
  Приложение
к постановлению акимата
Аршалынского района
от 6 июня 2016 года
№ А-275

Критерии по выбору видов отчуждения районного коммунального имущества

№ п/п

Критерии

Вид отчуждения

1

При отсутствии заинтересованности государства в дальнейшем контроле над объектом государственной собственности

Приватизация в форме аукциона

2

Выполнение условий договора доверительного управления, имущественного найма (аренды) с правом последующего выкупа доверительным управляющим, нанимателем (арендатором)

Прямая адресная продажа

3

Необходимость установления условий продажи коммунального имущества (сохранение профиля деятельности, погашение кредиторской задолженности, погашение задолженности по заработной плате)

Приватизация в форме тендера