Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № А-275 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 шілдеде № 5436 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Т.Ыбыраевқа жүктелсін.
      3 .Осы қаулының күші 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы ауданының әкімі А.Тайжанов

  Аршалы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 06 маусымдағы
№ А-275 қаулысына
қосымша

Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 06.01.2022 № А-02 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

№ р/т

Өлшемшарттар

Иеліктен
айыру түрі

1

Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса

Аукцион түріндегі жекешелендіру

2

Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса (қызмет түрін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, еңбек ақы бойынша берешекті өтеу және басқа шарттар)

Тікелей атаулы сату

3

Коммуналдық мүлікті сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу) белгілеу қажеттілігі

Тендер түріндегі жекешелендіру


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады