Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 14.09.2022 № 12 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 18 мамырдағы № 01-31-354 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан инфекциялық ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еркіншілік ауылдық округінің әкімі | М.Жампеисов |