Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 12 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 қыркүйекте № 29598 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының Ерейментау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 01-31-548 ұсынысының негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруын жою жөніндегі кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты тоқтатылсын.

      2. Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28423 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еркіншілік ауылдық
округінің әкімі
М.Жампеисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады