Шектеу iс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 5 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 9 маусымда № 28423 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 14.09.2022 № 12 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 18 мамырдағы № 01-31-354 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан инфекциялық ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еркіншілік ауылдық округінің әкімі М.Жампеисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады