"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде және Кировское ауылы халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округінің Кировское ауылындағы келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Маяковский көшесі Достық көшесіне;
Целинная көшесі Атамекен көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылсай ауылдық округінің әкімі |
С.Ахметов |