Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округінің Кировское ауылындағы кейбір құрамдас бөліктерді қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 20 қазандағы № 7 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қазанда № 30290 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысы негізінде және Кировское ауылы халқының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округінің Кировское ауылындағы келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      Маяковский көшесі Достық көшесіне;

      Целинная көшесі Атамекен көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылсай ауылдық
округінің әкімі
С.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады