Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округі әкімінің 09.11.2022 № 11 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Зеренді ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 229 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округінің Викторовка ауылының аумағында ірі мүйізді қара малдың инфекциялық ринотрахеит ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округтің әкімі | В.Рукавишников |