Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Целиноград аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Целиноград аудандық мәслихатының хатшысы |
Л.Конарбаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Целиноград ауданының әкімі | |
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Целиноград ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Ускенов Т.А. |
"Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 шілдедегі № 162/29-7 Шешіне қосымша |
Целиноград аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Целиноград ауданы елді мекендерінің жерлеріне жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 70/8-6 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5656 болып тіркелген);
2. "Целиноград ауданы елді мекендерінің жерлеріне жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы "Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 70/8-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 182/25-6 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6402 болып тіркелген);
3. "Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 70/8-6 "Целиноград ауданы елді мекендерінің жерлеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы № 108/12-6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5921 болып тіркелген).