Целиноград аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы № 70/8-6 "Целиноград ауданы елді мекендерінің жерлеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы № 108/12-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 мамырда № 5921 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 шілдедегі № 162/29-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград аудандық мәслихатының 25.07.2022 № 162/29-7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Ақмола облысы Целиноград ауданының Воздвиженка ауылын және Воздвиженка ауылдық округін қайта атау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № А-13/578 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5659 болып тіркелген) шешіміне сәйкес Целиноград аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Целиноград аудандық мәслихатының "Целиноград ауданы елді мекендерінің жерлеріне жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 23 қарашадағы № 70/8-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5656 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімге қосымшада:

      кестенің 3-бағанында:

      төртінші жолда (аймақ нөмірі I), үшінші, сегізінші жолдарда (аймақ нөмірі III) "Воздвиженка ауылы", "Воздвиженка ауылдық округі" сөздері "Нұресіл ауылы", "Нұресіл ауылдық округі" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Целиноград аудандық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
И.Саденова
      Целиноград аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Жанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Целиноград ауданының
әкімі
М.Тәткеев

      28.03.2017

      "Целиноград ауданының
жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
А.Нұртазин

      28.03.2017

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады