Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысында 2022 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | О. Уразалин |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 120 қаулысына қосымша |
Ақтөбе облысында 2022 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 02.12.2022 № 391 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Тауарлар атауы | Бірінші тоқсан (теңге) | Екінші тоқсан (теңге) | Үшінші тоқсан (теңге) | Төртінші тоқсан (теңге) |
1 | Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), килограмм | 342 | 356 | 389 | 366 |
2 | Бірінші сортты бидай ұны, килограмм | 139 | 149 | 148 | 154 |
3 | Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), килограмм | 525 | 563 | 609 | 735 |
4 | Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм | 151 | 152 | 155 | 157 |
5 | Рожки (өлшеніп салынатын), килограмм | 322 | 332 | 343 | 354 |
6 | Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), килограмм | 1909 | 1954 | 1996 | 2005 |
7 | Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), килограмм | 924 | 959 | 1000 | 1017 |
8 |
Пастерленген сүт, майлылығы | 245 | 245 | 245 | 249 |
9 |
Айран, майлылығы | 276 | 275 | 280 | 279 |
10 | Сүзбе: майлылығы 5-9%, килограмм | 1408 | 1406 | 1403 | 1402 |
11 |
Тауық жұмыртқасы (I санатты), | 34,1 | 26,2 | 30,5 | 37,3 |
12 | Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5% толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), килограмм | 2476 | 2465 | 2471 | 2513 |
13 | Күнбағыс майы, литр | 751 | 746 | 789 | 876 |
14 | Ақ қауданды қырыққабат, килограмм | 191 | 143 | 175 | 193 |
15 | Басты пияз, килограмм | 107 | 139 | 108 | 100 |
16 | Асханалық сәбіз, килограмм | 115 | 218 | 137 | 111 |
17 | Картоп, килограмм | 108 | 191 | 132 | 117 |
18 | Ақ қант - құмшекер, килограмм | 296 | 301 | 308 | 328 |
19 | Ac тұзы ("Экстра" - дан басқа), килограмм | 43 | 44 | 44 | 44 |