Қазақстан Республикасы Cу Кодексінің 38-бабына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 "Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақтөбе облысында ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері бекітілсін:
1) қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 70 теңге;
2) қосылған құн салығын ескере отырып, ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 80 теңге.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы |
С. Шинтасова |