Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Байғанин ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгiлеу туралы" Байғанин ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5265 болып тіркелген) қаулысы;
2) "Байғанин ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Байғанин ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 107 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5537 болып тіркелген) қаулысы.
2. "Байғанин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғанин ауданының әкімі | К. Утаров |