Байғанин ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 153 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 тамызда № 29334 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Байғанин ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Байғанин ауданы аумағында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгiлеу туралы" Байғанин ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5265 болып тіркелген) қаулысы;

      2) "Байғанин ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Байғанин ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 107 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5537 болып тіркелген) қаулысы.

      2. "Байғанин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Байғанин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин ауданының әкімі К. Утаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады