Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабы, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Ойыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №2-14/162 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Қараой ауылдық округі Қараой ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 28 маусымдағы №8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6271 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой ауылдық округі әкімі |
А. Султанов |